Атырауда 100 мың қорапқа жуық заңсыз темекі тәркіленді

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуПроизводство сигарет
Производство сигарет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Атырауда 100 мың қорапқа жуық темекі тәркіленді. Кәсіпорын темекі өнімдерінің көтерме сатушысы ретінде тіркеусіз жұмыс істеген, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Атырауда Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жүргізген рейд барысында заңсыз темекі өнімдерін анықтады.
"Жалпы құны 67 миллион теңгені құрайтын 96 069 қорап заңсыз темекі өнімдері анықталды. Кәсіпорын мемлекеттік кірістер органдарында темекі өнімдерінің көтерме сатушысы ретінде тіркелмей жұмыс істеген", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство қызметкерлері салықтық тексеру актісін толтырды. Материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.
Сигарета - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2023
Қазақстанда қандай жерлерде темекі шегуге болады
Жаңалықтар
0