https://sputnik.kz/20230902/astanada-onirlik-auyl-sharuashylygy-zharmenkelerinin-mausymy-bastaldy-38135628.html
Астанада өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды
Астанада өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды
Sputnik Қазақстан
Барлық өнімдер нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады 02.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-02T19:11+0500
2023-09-02T19:11+0500
2023-09-02T19:11+0500
астана
жәрмеңке
https://sputnik.kz/img/07e7/09/02/38135465_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_efb10189288d3798cb41cd6d542286c8.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Астанада өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды. Олар 29 қазанға дейін әр сенбі мен жексенбі күндері өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордада алғаш болып Түркістан облысының аграршылары өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеге өз тауарларымен 70-ке жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі келді, олар 556 тонна өнім әкелді.Айта кетерлігі, жәрмеңкеде ет және ет өнімдері, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері (оның ішінде қымыз және шұбат), бақша, бал, жеміс шырындары мен консервіленген өнімдер, балық, жұмыртқа және нан-тоқаш өнімдері сатылады.Барлық өнімдер нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады.Биыл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу орны өзгерді. Былтыр ол "Астана-Арена" (Тұран даңғылы, 48) алдындағы автотұрақта өткізілсе, биыл жәрмеңкені өткізу орны Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы ҚазҰӨУ (Шабыт) алдындағы алаңға көшірілді.Естеріңізге сала кетейін, елордада демалыс күндері қалалық жәрмеңкелер де өткізіледі. Өткізілетін күндер: сенбі-жексенбі. Оларға азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілер және жақын маңдағы аудандардан шаруа қожалықтары қатысады.
https://sputnik.kz/20230828/astana-akimi-expo-zharmenke-quqyqbuzushylar-zhauapqa-tartylady-38006443.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/02/38135465_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_a86c46de92553d85012e94da09c105ee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жәрмеңке
Астанада өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды
Барлық өнімдер нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Астанада өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды. Олар 29 қазанға дейін әр сенбі мен жексенбі күндері өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордада алғаш болып Түркістан облысының аграршылары өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеге өз тауарларымен 70-ке жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі келді, олар 556 тонна өнім әкелді.
Айта кетерлігі, жәрмеңкеде ет және ет өнімдері, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері (оның ішінде қымыз және шұбат), бақша, бал, жеміс шырындары мен консервіленген өнімдер, балық, жұмыртқа және нан-тоқаш өнімдері сатылады.
Барлық өнімдер нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады.
Биыл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу орны өзгерді. Былтыр ол "Астана-Арена" (Тұран даңғылы, 48) алдындағы автотұрақта өткізілсе, биыл жәрмеңкені өткізу орны Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы ҚазҰӨУ (Шабыт) алдындағы алаңға көшірілді.
Естеріңізге сала кетейін, елордада демалыс күндері қалалық жәрмеңкелер де өткізіледі. Өткізілетін күндер: сенбі-жексенбі. Оларға азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілер және жақын маңдағы аудандардан шаруа қожалықтары қатысады.