Әскери қызметші 15-қабаттан секірмек болған жасөспірімді аман алып қалды

© Sputnik / Георгий Зимарев / Медиабанкке өтуБалконы многоэтажного дома, архивное фото
Балконы многоэтажного дома, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Астанада тұрғын үйдің 15-қабатынан секірмек болған жасөспірімді Қарулы күштердің әскери қызметшісі құтқарып қалды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Сержант Ерік Ысқақов 83205 әскери бөлімінің техник-жүргізушісі. 20 тамызда Астана қаласының "Оңтүстік-шығыс" шағын ауданында тұратын туыстарына келген.
"Күтпеген жерден жиенім көрші көпқабатты үйде қыз балконнан секірмек боп жатыр деп айқайлады. Мұны көріп, кіреберіске жүгіріп барып, лифтпен 14-қабатқа шықтым. 15-ке баспалдақпен көтерілдім. Жайлап жақындап, балконнан оны тартып түсіріп алдым", - дейді ол.
Төменде құтқарушы мен жасөспірімді ТЖМ, полиция және медицина қызметкерлері күтіп тұрды.
Осылайша, Ерік Ысқақов оқиғаға бейжай қарамай, оқыс жағдайда батыл әрекет етіп, адам өмірін сақтап қалды. Ол өз әрекетін ерлік деп санамайды, алайда жасөспірімді орны толмас қайғыдан құтқара алғанына қуанышты.
Айта кетсек, 35 жастағы әскери қызметкердің өзі төрт баланың әкесі. Түркістан облысы Арыс қаласының оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде тұрғындарды эвакуациялауға қатысқан.
Жаңалықтар
0