"Ұстаздарды әрдайым қолдаймыз": президент қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады

© Sputnik / Тимур Батыршин День знаний в Алматы - 2021
 День знаний в Алматы - 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
Жазылу
Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады, деді президент
АСТАНА, 1 қыркүйек - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.
Президент өз құттықтауында өскелең ұрпақ еліміздің ертеңі екеніне тоқталып, мемлекет жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайтынын атап өтті.

"Мектептің жаны – мұғалім" деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақтың қолында! Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін! Жастарымыз келешекте Отанымызға адал қызмет етіп, оның дамуына үлес қосатынына кәміл сенемін! Білім күні құтты болсын!", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Последний звонок - 2022 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Білім
Оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқиды
Жаңалықтар
0