https://sputnik.kz/20230901/uqshu-bas-khatshysy-tasmagambetov-belarustegi-oqu-zhattygudy-ashty-38245900.html
ҰҚШҰ Бас хатшысы Тасмағамбетов Беларусьтегі оқу-жаттығуды ашты
ҰҚШҰ Бас хатшысы Тасмағамбетов Беларусьтегі оқу-жаттығуды ашты
Sputnik Қазақстан
1 қыркүйектен бастап Беларусьте бес бірлескен және арнайы оқу-жаттығулар өтіп жатыр, Брест бекінісінде іс-шараның салтанатты ашылуы болды 01.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-01T17:37+0500
2023-09-01T17:37+0500
2023-09-06T15:57+0500
иманғали тасмағамбетов
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e7/09/01/38115519_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_343bfe7ed22ff0017d10d9ae4f3caada.jpg
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов "Жауынгерлік бауырластық – 2023" оқу-жаттығуын салтанатты түрде ашты, деп хабарлады ұйымдағылар.Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан ұлттық әскери контингенттерінің 2,5 мың әскери қызметкері Брест қамалында бір құрамда сап түзеп тұрды.Оқу-жаттығуларға қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҰҚШҰ Бас хатшысы бұл іс-шараның халықаралық күрделі жағдай кезінде жүргізіліп жатқанын атап өтті."Әлемнің әртүрлі аймақтарында шиеленістің жаңа ошақтары пайда болып жатыр, ескі қақтығыстар шиеленісуде. Қазіргі дағдарыстар гибридті сипатқа ие болып, оларды шешу ерекше тәсілдерді қажет етеді", - деді ол.Тасмағамбетовтің айтуынша, бұл жаттығулардың толықтығы олардың ерекшелігі болып отыр. Операцияны сәтті жүзеге асыру үшін бүгінгі күні әскери құрауышты пайдалану жеткіліксіз. Күштер мен құралдардың тұтас спектрінің тығыз байланысы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін жүйелі әдіс қажет, деді Бас хатшы."Қауіпсіздікке төнген жаңа сын-қатерлер мен қауіптер осы іс-шараның форматына негіз болды", - деді Тасмағамбетов.Ол Жедел әрекет ету бойынша ұжымдық күштерді нығайту Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мүдделерін қорғаудың және өңірлік деңгейде біртұтас, бөлінбейтін қауіпсіздік жүйесін құрудың ең маңызды шарты болып табылатынына сенім білдірді.Салтанатты шараға қатысушылар Брест қамалын қорғаушыларды бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/01/38115519_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_431ff2102c02cd0a5fc5266db22252df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иманғали тасмағамбетов, ұқшұ
иманғали тасмағамбетов, ұқшұ
ҰҚШҰ Бас хатшысы Тасмағамбетов Беларусьтегі оқу-жаттығуды ашты
17:37 01.09.2023 (жаңартылды: 15:57 06.09.2023) 1 қыркүйектен бастап Беларусьте бес бірлескен және арнайы оқу-жаттығулар өтіп жатыр, Брест бекінісінде іс-шараның салтанатты ашылуы болды
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов "Жауынгерлік бауырластық – 2023" оқу-жаттығуын салтанатты түрде ашты, деп хабарлады ұйымдағылар.
Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан ұлттық әскери контингенттерінің 2,5 мың әскери қызметкері Брест қамалында бір құрамда сап түзеп тұрды.
Оқу-жаттығуларға қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҰҚШҰ Бас хатшысы бұл іс-шараның халықаралық күрделі жағдай кезінде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Әлемнің әртүрлі аймақтарында шиеленістің жаңа ошақтары пайда болып жатыр, ескі қақтығыстар шиеленісуде. Қазіргі дағдарыстар гибридті сипатқа ие болып, оларды шешу ерекше тәсілдерді қажет етеді", - деді ол.
Тасмағамбетовтің айтуынша, бұл жаттығулардың толықтығы олардың ерекшелігі болып отыр. Операцияны сәтті жүзеге асыру үшін бүгінгі күні әскери құрауышты пайдалану жеткіліксіз. Күштер мен құралдардың тұтас спектрінің тығыз байланысы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін жүйелі әдіс қажет, деді Бас хатшы.
"Қауіпсіздікке төнген жаңа сын-қатерлер мен қауіптер осы іс-шараның форматына негіз болды", - деді Тасмағамбетов.
Ол Жедел әрекет ету бойынша ұжымдық күштерді нығайту Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мүдделерін қорғаудың және өңірлік деңгейде біртұтас, бөлінбейтін қауіпсіздік жүйесін құрудың ең маңызды шарты болып табылатынына сенім білдірді.
Салтанатты шараға қатысушылар Брест қамалын қорғаушыларды бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.