Тоқаев президент әкімшілігінің бірқатар қызметкерін жұмыстан босатты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты кадрлық ауыс-түйіс жасады
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесінің бірқатар қызметкерін лауазымынан босатты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:
Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымынан;
Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан;
Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі Басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан;
Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі лауазымынан;
Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:
Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі лауазымынан;
Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Жаңалықтар
0