Тоқаев Өзбекстан халқын құттықтады

© Photo : пресс-служба министерства обороны РКФлаги Казахстана и Узбекистана
Флаги Казахстана и Узбекистана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
Жазылу
Қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға басымдық беремін, деді президент
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Бүгін Тоқаев Өзбекстан президент Шавкат Мирзиёевке құттықтау жеделхатын жолдап, Өзбекстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Біздің халықтарымыздың түпкі мүдделерін, ғасырлар бойғы достық және тату көршілік дәстүрлерін негізге ала отырып, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға басымдық беремін. Біз ортақ күш-жігерді біріктіре отырып, бауырлас халықтарымыздың өркендеуі және Орталық Азияның тұрақтылығы мен игілігі үшін көпжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін", – деп жазды Тоқаев.
Айта кетері, 1991 жылы 31 тамызда Өзбек КСР Жоғарғы кеңесі Тәуелсіздік туралы қаулыны қабылдады. Оған сәйкес, Өзбек КСР Өзбекстан Республикасы болып аталды. Сол күні 1 қыркүйек Тәуелсіздік күні деп жарияланды. Ал 5 қыркүйекте сол кездегі президенті Ислам Кәрімов Ленин атындағы орталық алаңды Мустакиллик (Тәуелсіздік) деп атауға шешім шығарды.
Таможенный пост. Архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2023
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі шекара бекеті жаңа мәртебеге ие болады
Жаңалықтар
0