Послание президента народу Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920
Президенттің Қазақстан халқына жолдауы - 2023
2023 жылдың 1 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты халыққа жолдауын жариялады.

Тоқаев биылғы Жолдауды орындаудың нақты мерзімін белгіледі

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаВсеармейское совещание под председательством Главы государства
Всеармейское совещание под председательством Главы государства - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауды орындаудың нақты мерзімін белгілеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшының айтуынша, қазіргі кезде технологиялық бәсеке қызып тұр. Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселеге айналды. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды.
"Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Президент нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмау керектігін ерекше атап өтті. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Ал Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді.
" Жаңа экономикалық саясатта жүзеге асуы екіталай, сондықтан ұзақ мерзімді мақсат қоюға болмайды. Осы Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс. Ал аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Жаңалықтар
0