https://sputnik.kz/20230901/qazaqstanga-ush-sheteldik-bank-keledi-kredit-arzanday-ma-38107609.html
Қазақстанға үш шетелдік банк келеді: кредит арзандай ма
Қазақстанға үш шетелдік банк келеді: кредит арзандай ма
Sputnik Қазақстан
Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, кез келген шетелдік банк елдегі базалық ставкаға сүйенеді 01.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-01T13:05+0500
2023-09-01T13:05+0500
2023-09-01T13:09+0500
кредит
банк
мадина әбілқасымова
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_0:139:3151:1911_1920x0_80_0_0_3e90b651cc4832253d78be51ccd0cc77.jpg
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан нарығына үш шетелдік банк кірсе де, несие арзандауы екіталай. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Президент бүгінгі жолдауында Қазақстанға үш ірі шетелдік банк келетінін жариялаған еді. Парламент кулуарында журналистер Әбілқасымовадан шетелдік банктердің келуі кредиттердің пайызына қалай әсер ететінін сұрады.Ол елдегі кредиттердің пайыздық мөлшерлемесі Ұлттық банк бекітетін базалық ставкаға байланысты екенін атап өтті.Агенттік төрағасы нақты қай мемлекеттің банктері келуі мүмкін екенін нақтыламады."Бірқатар мемлекеттен инвесторлар келуі мүмкін. Еуропадан немесе басқа Араб мемлекеттерінен. Бірнеше инвестор бар", - деп қысқа қайырды ол.
https://sputnik.kz/20230601/qazaqstandyqtar-oz-atyna-kredit-rasimdeuge-tyyym-sala-alady-35529562.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_209:0:2940:2048_1920x0_80_0_0_abd536f2f4f222fd73cd4dbc9d519613.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, банк, мадина әбілқасымова
кредит, банк, мадина әбілқасымова
Қазақстанға үш шетелдік банк келеді: кредит арзандай ма
13:05 01.09.2023 (жаңартылды: 13:09 01.09.2023) Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, кез келген шетелдік банк елдегі базалық ставкаға сүйенеді
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан нарығына үш шетелдік банк кірсе де, несие арзандауы екіталай. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент бүгінгі жолдауында Қазақстанға үш ірі шетелдік банк келетінін жариялаған еді. Парламент кулуарында журналистер Әбілқасымовадан шетелдік банктердің келуі кредиттердің пайызына қалай әсер ететінін сұрады.
Ол елдегі кредиттердің пайыздық мөлшерлемесі Ұлттық банк бекітетін базалық ставкаға байланысты екенін атап өтті.
"Жаңа банк келген күннің өзінде, ол елдегі базалық ставкаға, экономикадағы ақша құнына сүйенеді. Шетелдік банк келіп, өз өнімін басқа ставкамен ұсынады деп күту – бұл олай жұмыс істемейді. Экономикадағы ақша құны бар, қандай жағдай болмасын олар базалық ставкаға назар аударады", - деп түсіндірді Әбілқасымова.
Агенттік төрағасы нақты қай мемлекеттің банктері келуі мүмкін екенін нақтыламады.
"Бірқатар мемлекеттен инвесторлар келуі мүмкін. Еуропадан немесе басқа Араб мемлекеттерінен. Бірнеше инвестор бар", - деп қысқа қайырды ол.