https://sputnik.kz/20230901/qaragandylyq-oqushylar-mektep-qabyrgasynda-meditsinalyq-bilim-alady-38095165.html
Қарағандылық оқушылар мектеп қабырғасында медициналық білім алады
Қарағандылық оқушылар мектеп қабырғасында медициналық білім алады
Sputnik Қазақстан
"Мамандыққа қадам" жобасы былтырдан бар 01.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-01T09:10+0500
2023-09-01T09:10+0500
2023-09-01T09:14+0500
қарағанды облысы
мектеп
https://sputnik.kz/img/1246/97/12469727_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_a66f8dabdee1f37ca255e98c73090263.jpg
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қарағандылық оқушылар мектеп қабырғасында жүріп дәрігерлік білім алады, деп жазды Хабар 24.Шахтинск қаласындағы мектеп-лицейінде тұңғыш рет медициналық сынып ашылды. Оған 7 мен 11 сынып арасындағы оқушылар келіп, медицинаның кіріспесімен танысады. Бұл кейін жоғары оқу орнына түскенде айтарлықтай көмек болады, дейді мамандар. "Мамандыққа қадам" жобасы былтырдан бар. Мектеп пен аурухана арасында жасалған келісім нәтижесінде білікті дәрігерлер оқушыларға тәлім үйретеді. Өткен оқу жылында осында 40-қа жуық бала оқыған. Оның он бесі 9 және 11 сынып оқушылары. Олар биыл емтихандарын сәтті тапсырып, оқуға түскен. Жаңа оқу жылында медициналық сынып өңірдің 20-ға жуық инновациялық мектебінде жұмыс істейді. Биыл онда 500-ге тарта бала ерте бастан мамандыққа бағыт бойынша тәлім алады. Қызығушылық танытқандар көп болса, облыста осындай сыныбы бар мектептердің қатары арта түспек.
https://sputnik.kz/20230422/bolashaq-granttarynyn-60-endi-tekhnika-zhane-meditsina-salasyna-beriledi-34207241.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1246/97/12469727_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_48584ff45e847ba5815998737e6b5442.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, мектеп
Қарағандылық оқушылар мектеп қабырғасында медициналық білім алады
09:10 01.09.2023 (жаңартылды: 09:14 01.09.2023) "Мамандыққа қадам" жобасы былтырдан бар
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қарағандылық оқушылар мектеп қабырғасында жүріп дәрігерлік білім алады, деп жазды
Хабар 24. Шахтинск қаласындағы мектеп-лицейінде тұңғыш рет медициналық сынып ашылды. Оған 7 мен 11 сынып арасындағы оқушылар келіп, медицинаның кіріспесімен танысады. Бұл кейін жоғары оқу орнына түскенде айтарлықтай көмек болады, дейді мамандар.
"Мамандыққа қадам" жобасы былтырдан бар. Мектеп пен аурухана арасында жасалған келісім нәтижесінде білікті дәрігерлер оқушыларға тәлім үйретеді. Өткен оқу жылында осында 40-қа жуық бала оқыған. Оның он бесі 9 және 11 сынып оқушылары. Олар биыл емтихандарын сәтті тапсырып, оқуға түскен.
"11 бала грантты жеңіп алып қазіргі уақытта үшеуі жоғары медициналық академияға кетті, 8-і колледжге фельдшер факультетіне грантқа түсті. Осы мамандыққа барам деген балалар өте көп. Бұл мектепте білім жағынан өте жоғары,", - дейді Шахтинск қалалық ауруханасының балалар дәрігері Әлия Спатаева.
Жаңа оқу жылында медициналық сынып өңірдің 20-ға жуық инновациялық мектебінде жұмыс істейді. Биыл онда 500-ге тарта бала ерте бастан мамандыққа бағыт бойынша тәлім алады. Қызығушылық танытқандар көп болса, облыста осындай сыныбы бар мектептердің қатары арта түспек.