Послание президента народу Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920
Президенттің Қазақстан халқына жолдауы - 2023
2023 жылдың 1 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты халыққа жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы "көңілге қонымды" тарифтерді 5-7 жылға енгізуді тапсырды

© Sputnik / Абзал КалиевКупюры в руках
Купюры в руках  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
Жазылу
Президенттің айтуынша, тариф саясатын түбегейлі қайта қарау қажет
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи монополия субъектілері үшін 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президенттің айтуынша, тариф саясатын түбегейлі қайта қарау қажет. Осы орайда тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет.
"Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн. Яғни, баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады. Қаржы ұйымдары да кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алады", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Мемлекет басшысы монополистердің жауапкершілігін едәуір арттыру қажеттігін де ерекше атап өтті. Бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізіледі. Сол арқылы халық тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалар туралы ақпарат алады.
Шам - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Тариф өседі: министр қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге қанша төлейтінін айтты
Жаңалықтар
0