https://sputnik.kz/20230901/mazhilisten-ketken-eks-deputat-zhana-qyzmetke-tagayyndalady-38108317.html
Мәжілістен кеткен экс-депутат жаңа қызметке тағайындалады
Мәжілістен кеткен экс-депутат жаңа қызметке тағайындалады
Sputnik Қазақстан
Елеуов мәжілістен кетуге өзі өтініш берген 01.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-01T13:49+0500
2023-09-01T13:49+0500
2023-09-01T13:49+0500
депутат
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33381419_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_792b40ed1b272f313f35bcaf66bf7351.jpg
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін мәжіліс депутаттары әріптестері Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыға дауыс берді. Елеуов мәжілістен кетуге өзі өтініш берген.Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Елеуовтің жаңа қызметке бара жатқанын айтты.Қошанов әріптестерінің атынан Елеуовке алғыс хат табыстады.Ғалымжан Елеуовтің жаңа қызметке тағайындалатынын әріптесі Елнұр Бейсенбаев та растады."Ол басқа қызметке тағайындалады. Оны жақын арада естисіздер", - деді мәжіліс депутаты төменгі палатаның отырысынан кейін.44 жастағы Ғалымжан Елеуов Ақтөбе қаласында дүниеге келген.Мәжілістің жетінші және сегізінші шақырылымдарында жұмыс істеді. Парламентке Amanat партиясынан сайланған.
https://sputnik.kz/20230530/deputattar-ozekti-maselelerge-qatysty-saualdardy-zhii-zholday-bastady--qoshanov--35449593.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33381419_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_292fdf9b19b19c80a078b880f796ae53.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, мәжіліс
Мәжілістен кеткен экс-депутат жаңа қызметке тағайындалады
Елеуов мәжілістен кетуге өзі өтініш берген
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжіліс депутаттары әріптестері Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыға дауыс берді. Елеуов мәжілістен кетуге өзі өтініш берген.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Елеуовтің жаңа қызметке бара жатқанын айтты.
"Ғалымжан Алмасбекұлына мәжіліс қабырғасында бірқатар жыл белсенді, абыройлы атқарған жұмысы үшін зор алғысымызды айтамыз. Алда өңірде үлкен ірі қызметке бара жатыр. Сол жұмыста сәттілік тілейік", - деді спикер.
Қошанов әріптестерінің атынан Елеуовке алғыс хат табыстады.
Ғалымжан Елеуовтің жаңа қызметке тағайындалатынын әріптесі Елнұр Бейсенбаев та растады.
"Ол басқа қызметке тағайындалады. Оны жақын арада естисіздер", - деді мәжіліс депутаты төменгі палатаның отырысынан кейін.
44 жастағы Ғалымжан Елеуов Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Мәжілістің жетінші және сегізінші шақырылымдарында жұмыс істеді. Парламентке Amanat партиясынан сайланған.