https://sputnik.kz/20230901/aes-salu-maselesi-zhalpyulttyq-referendumga-shygarylady-38099023.html
АЭС салу мәселесі жалпыұлттық референдумға шығарылады
АЭС салу мәселесі жалпыұлттық референдумға шығарылады
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, кең ауқымды талқылауларды жалғастыру қажеттігін жеткізді 01.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-01T10:45+0500
2023-09-01T10:45+0500
2023-09-15T09:48+0500
қазақстан халқына арналған жолдау
референдум
президенттің қазақстан халқына жолдауы - 2023
https://sputnik.kz/img/07e6/08/01/26462306_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_b63079020cd29c83d974560e9d7cf8fc.jpg
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі жалпыұлттық референдумға шығарылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдау кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Президент атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін біліп отыр.Мемлекет басшысы осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыру қажеттігін жеткізді."Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем. Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз", - деп атап көрсетті Тоқаев.
https://sputnik.kz/20230823/qazaqstandagy-aes-qurylysy-ulken-auylynda-qogamdyq-tyndau-otti-37885605.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/01/26462306_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_05cd564e5c16c96d984e0ad828794ebd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан халқына арналған жолдау, референдум
қазақстан халқына арналған жолдау, референдум
АЭС салу мәселесі жалпыұлттық референдумға шығарылады
10:45 01.09.2023 (жаңартылды: 09:48 15.09.2023) Мемлекет басшысы осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, кең ауқымды талқылауларды жалғастыру қажеттігін жеткізді
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі жалпыұлттық референдумға шығарылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдау кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін біліп отыр.
"Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды.Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескерсек, олардың күдігін түсінуге болады", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Мемлекет басшысы осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыру қажеттігін жеткізді.
"Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем. Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз", - деп атап көрсетті Тоқаев.