Тоқаев екі елдің басшысына жеделхат жолдады

© Photo : akorda.kzТокаев и Жапаров
Токаев и Жапаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2023
Жазылу
Президент Малайзия және Қырғызстан халқын құттықтады
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның және Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев gрезидент Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай мемлекет басшысы – Малайзияның жоғарғы билеушісі Сұлтан II Абдулланы құттықтады.
"Қазақстан мен Малайзияны түрлі саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған берік серіктестік қатынастар байланыстырады. Екі елдің мүддесін көздейтін көпжақты іс-әрекеттерімізді нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын екенімді білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы билеушінің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.
көрме - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2023
Тоқаев тәжік қолөнершісі ұсынған сыйлықты тегін алудан бас тартты – видео
Жаңалықтар
0