https://sputnik.kz/20230831/sayakhatshy-qazaqstandagy-zholy-nashar-oblysty-atady-38068707.html
Саяхатшы Қазақстандағы жолы нашар облысты атады
Саяхатшы Қазақстандағы жолы нашар облысты атады
Sputnik Қазақстан
Владимир барлығы 6 мыңнан астам шақырымды жүріп өткен 31.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-31T11:04+0500
2023-08-31T11:04+0500
2023-08-31T11:04+0500
жол
саяхат
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1a/19221872_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_635f871bbb47a0f8ce19fd7be0a500a0.jpg
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстанды электрмобильмен шарлап шыққан саяхатшы Владимир Силевич жолы ең нашар облысты атады, деп хабарлайды "Диапазон" порталына сілтеме жасап.Ақтөбелік шебер күн энергиясымен жүретін көлікті өзі құрастырып шықты. Өзі ноутбук мен компьютерлерді жөндеумен айналысады. Бала кезінен техника құрастыруға қызығады. Бұған дейін бір электромобильді құрастырған. Ал осы жолы идеясын жетілдіріп, жаңасын жасады. Дәл осы шағын көлікпен бүкіл Қазақстанды шарлап шықты."Мен алдымен Орал, Ақтөбе, Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматы мен Талдықорған бағытымен жүріп өтті. Одан кейін Алматыға қайтып бардым да, солтүстікке қарай Қарағанды, Астана, Көкшетау мен Қостанаймен өттім. Сосын үйге – Ақтөбеге қайттым. Шамамен 2,5 айдай жолда болдым. Бір күнде ең көп жүргенім – 280 шақырым", - дейді Силевич.Владимир барлығы 6 мыңнан астам шақырымды жүріп өткен. Жолдардың сапасын да көрді."Ең нашар жолдар Ақтөбе облысында, одан жаман жолдарды еш жерде көрген емеспін. Иә, басқа аймақтарда сапасы онша емес жолдар бар, шұрық-тесік, одан кейін мінсіз жол басталады. Қарағандыға дейін қиыршық тас, бірақ оны жөндеп жатыр. Ал бізде болса, Ақтөбеден Қарабұтаққа дейін масқара, жүру мүмкін емес. Астанаға дейін және кейін автобандар, Көкшетаудан Қостанайға дейін тамаша жол, ол жақта "Теслалар" емін-еркін жүре алады", - деп атап көрсетті шебер.Оның айтуынша, қазақстандықтардың көбісі қайырымды, көмек қолын беруге даяр тұрады. Жолда біреулер ақшасын берсе, енді біреулер дөңгелегін тегін бере салды. Владимирге жазылған адамдар да көп. Олар шеберді әрбір қалада қарсы алып, барық көрікті жерлерін көрсеткен.
https://sputnik.kz/20220920/72-zhastagy-aqsaqal-sayakhatshy-mangystau-onirine-zhayau-zhetti-27720816.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1a/19221872_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_0512eb2d37305544fb462c64b49b34f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, саяхат
Саяхатшы Қазақстандағы жолы нашар облысты атады
Владимир барлығы 6 мыңнан астам шақырымды жүріп өткен
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстанды электрмобильмен шарлап шыққан саяхатшы Владимир Силевич жолы ең нашар облысты атады, деп хабарлайды
"Диапазон" порталына сілтеме жасап.
Ақтөбелік шебер күн энергиясымен жүретін көлікті өзі құрастырып шықты. Өзі ноутбук мен компьютерлерді жөндеумен айналысады. Бала кезінен техника құрастыруға қызығады. Бұған дейін бір электромобильді құрастырған. Ал осы жолы идеясын жетілдіріп, жаңасын жасады. Дәл осы шағын көлікпен бүкіл Қазақстанды шарлап шықты.
"Мен алдымен Орал, Ақтөбе, Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматы мен Талдықорған бағытымен жүріп өтті. Одан кейін Алматыға қайтып бардым да, солтүстікке қарай Қарағанды, Астана, Көкшетау мен Қостанаймен өттім. Сосын үйге – Ақтөбеге қайттым. Шамамен 2,5 айдай жолда болдым. Бір күнде ең көп жүргенім – 280 шақырым", - дейді Силевич.
Владимир барлығы 6 мыңнан астам шақырымды жүріп өткен. Жолдардың сапасын да көрді.
"Ең нашар жолдар Ақтөбе облысында, одан жаман жолдарды еш жерде көрген емеспін. Иә, басқа аймақтарда сапасы онша емес жолдар бар, шұрық-тесік, одан кейін мінсіз жол басталады. Қарағандыға дейін қиыршық тас, бірақ оны жөндеп жатыр. Ал бізде болса, Ақтөбеден Қарабұтаққа дейін масқара, жүру мүмкін емес. Астанаға дейін және кейін автобандар, Көкшетаудан Қостанайға дейін тамаша жол, ол жақта "Теслалар" емін-еркін жүре алады", - деп атап көрсетті шебер.
Оның айтуынша, қазақстандықтардың көбісі қайырымды, көмек қолын беруге даяр тұрады. Жолда біреулер ақшасын берсе, енді біреулер дөңгелегін тегін бере салды. Владимирге жазылған адамдар да көп. Олар шеберді әрбір қалада қарсы алып, барық көрікті жерлерін көрсеткен.