НАТО Грузияда әскери оқу-жаттығуды не үшін өткізіп жатыр

© AP Photo / Mindaugas KulbisСолдаты бундесвера Германии
Солдаты бундесвера Германии  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2023
Жазылу
Абхазия мен Оңтүстік Осетия республикалары тәуелсіздік алғаннан кейін АҚШ пен НАТО Оңтүстік Кавказдағы Ресейге қарсы ыңғайлы плацдармнан айырылды
Сондықтан альянс Грузия аумағында халықаралық әскери маневрлер форматында тұрақты оқу-жаттығу өткізіп жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
22 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Грузияда НАТО-ның "Agile Spirit 2023" оқу-жаттығулары он бірінші рет өтіп жатыр. Оған 22 елден, атап айтқанда, Түркия, Ұлыбритания, Әзербайжан, Бельгия, Болгария, Франция, Германия, Греция, Венгрия, Италия, Иордания, Латвия, Литва, Молдова, Норвегия, Польша, Румыния, Словакия, Испания, Жапония, АҚШ және Грузиядан жалпы саны 3600-ге жуық жауынгер қатысып жатыр.
АҚШ армиясынан құрамында 173-ші әуе-десанттық бригадасы, 12-ші авиация бригадасы, 48-ші жаяу әскер бригадасы, 54-ші қауіпсіздік күштеріне көмек көрсету бригадасы, 122-ші тактикалық қолдау жасағы, АҚШ арнайы жасағының Еуропадағы қолбасшылығынан 1 200 әскер қатысып отыр. Мұндай ауқымды құрам Пентагонның аймақтағы әскери іс-қимылдарға үлкен назар аударып отырғанын көрсетеді. Алдыңғы "Agile Spirit 2021" маневрларында 700 америкалық әскери және 13 елден барлығы 2 500 жауынгер қатысты.
Грузия қорғаныс министрлігінің мәліметінше, "Agile Spirit 2023" оқу-жаттығулары одақтас құрамалардың тактикалық деңгейде өзара әрекеттесуін арттыруға бағытталған. Маневрлер Тбилиси маңындағы Вазиани әскери аэродромына АҚШ-тың 173-ші бригадасының десантынан басталды. Дәл сол жерде НАТО оқу орталығының аумағында командалық-штабтық құрамдас бөлік әзірленді. Көпұлтты әскери топ Грузияның шығыс және батысында жауынгерлік оқу-жаттығулар мен атыстарды орындап, Поти портының акваториясына және Түркия аумағына белгісіз агрессорлардың басып кіруінен қорғау әдістерін пысықтап жатыр.
"Маневрлар шынайы соғыс кезіндегі әрекеттерге тым ұқсас. "Agile Spirit 2023" аясында АҚШ-тың барлауға арналған дрондары Қара теңізде белсенді әрекет етіп жатыр. Жаттығулардың аясында америкалық пилотсыз ұшу аппараттарын Украина Қарулы күштерінің экипажсыз камикадзе-катерлеріне нысананы белгілеу және басқару сигналдарын жолдау үшін пайдалану ықтималдығы артып келеді", - деп жазды Хроленко.
27 тамызда ресейлік Су-30СМ жойғыш ұшағы Ресей мемлекеттік шекарасы бағытында теңіз үстінде ұшып келе жатқан MQ-9A Reaper ұшқышсыз ұшағын тежеу үшін дабылды ескерту бойынша әуеге көтерілді. Бұл ретте америкалық "еріктілер" мен "грузин легионы" Украинадағы әскери іс-қимылдар театрында ресейлік әскердің позицияларына басып кіруге тырысып жатыр.
Грузияның Ресейге және оның Оңтүстік Кавказдағы одақтастарына деген көзқарасын тату емес сипатта деуге болады. Тбилиси қоғамның "аумақтарды қайтаруға" қатысты үмітін қолдайтыны байқалады. Бірақ Ресей Федерациясының Абхазия мен Оңтүстік Осетия аумағындағы Ресеймен одақтас екі толыққанды әскери базасы "Agile Spirit 2023" әскерилерін "бейбітшілік орнатуға" мәжбүрлеуге қабілетті деген сенім бар. Екі тәуелсіз республиканың қорғаныс қабілеті ондаған мемлекетаралық келісімдермен және Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің барлық қуатымен қамтамасыз етілген.
Екінші жағынан, НАТО-ның Грузияға қолдау көрсетуі Американың Кавказдағы өз жоспарын жүзеге асыруға көмекші құрал іспеттес. Себебі 2001 жылдың 13 қыркүйегінде Грузия парламенті Грузияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылу процесін бастау туралы бірауыздан шешім қабылдағаннан бері 22 жылдан астам уақыт өтті. 2008 жылы Бухарестте өткен НАТО саммиті Тбилисиге үміт сыйлағанымен, әлі де нақты шешім қабыладанатын күн жақын емес секілді.
"Таяу Шығыстағы операцияларда немесе ядролық державалармен соғыстарда АҚШ-қа одақтастар емес, берген нұсқауларын орындап отыратын елдер қажет. 2008 жылдың тамызындағы оқиғалар Грузия қоғамының едәуір бөлігінің бұған көзін жеткізді. Сондықтан Батыспен тығыз байланыста болғанымен, Грузия билігі Ресеймен қарулы қақтығыстың алдын алуға ұмтылады", – деп жазды Хроленко.
Грузия әлі де ресурстарын Agile Spirit және АҚШ-пен бірлескен Noble Partner оқу-жаттығуларына бағыттап жатыр. Бірақ мамыр айында Еуропаның 10 елінде өткен АҚШ армиясының Defender 23 маневріне қатысудан бас тартты. Батыстағылар биліктегі "Грузин арманы" партиясы Грузияның НАТО және ЕО-мен қарым-қатынасын әдейі бұзып отыр деп мәлімдеді.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0