https://sputnik.kz/20230831/endi-alayaqtar-basqa-bireudin-atynan-kredit-ala-almaydy-38084024.html
Енді кредиттен бас тартуға болады: Egov-те жаңа сервис іске қосылды
Енді кредиттен бас тартуға болады: Egov-те жаңа сервис іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтар 6 айға кредит және шағын қарыз алудан ерікті түрде бас тарта алады, бұл шектеуді кез келген уақытта алып тастауға болады 31.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-31T16:15+0500
2023-08-31T16:15+0500
2023-08-31T18:19+0500
кредит
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25186258_0:11:1281:731_1920x0_80_0_0_b7dd4bc205aac7efbaf0376ba8a3bd8c.jpg
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстанда кредит және шағын қарыз алудан ерікті түрде бас тартуға мүмкіндік беретін сервис іске қосылды. Ол үшін eGov mobile мобильді қосымшасында және eGov.kz порталында өтінім беру керек.Сервистке өтінішті азаматтың өзі ғана толтыра алады. Тыйым 6 айға салынады және бұл мерзім аяқталғаннан кейін автоматты түрде алынып тасталады. Сондай-ақ бұл шектеуді кез келген уақытта алып тастауға болады.Айта кетері, дәл осындай сервис Бірінші кредит бюросының (БКБ) сайтында ақылы түрде қолжетімді.Кредит алудан ерікті бас тарту қызметі eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіндегі "Танымал қызметтер" бөлімінде қолжетімді. Дәл осы қызметті eGov.kz порталының "Азаматтарға" – "Кеден және салықтар" – "Экономика және қаржы" бөлімінен алуға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25186258_0:0:975:731_1920x0_80_0_0_e558e8cd70e9ff584a9b426b1eeedf64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит
Енді кредиттен бас тартуға болады: Egov-те жаңа сервис іске қосылды
16:15 31.08.2023 (жаңартылды: 18:19 31.08.2023) Қазақстандықтар 6 айға кредит және шағын қарыз алудан ерікті түрде бас тарта алады, бұл шектеуді кез келген уақытта алып тастауға болады
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстанда кредит және шағын қарыз алудан ерікті түрде бас тартуға мүмкіндік беретін сервис іске қосылды. Ол үшін eGov mobile мобильді қосымшасында және eGov.kz порталында өтінім беру керек.
Сервистке өтінішті азаматтың өзі ғана толтыра алады. Тыйым 6 айға салынады және бұл мерзім аяқталғаннан кейін автоматты түрде алынып тасталады. Сондай-ақ бұл шектеуді кез келген уақытта алып тастауға болады.
"Бірінші кредит бюросымен бірлесіп, кредит алуға ерікті түрде тыйым салу қызметін іске қостық. Бұнда кредиттен өз еркімен бас тартуға азаматтың өзі ғана жүгінеді және өз бетімен бас тарта алады. Осы арқылы біз еліміздің азаматтарын заңсыз кредит алуға тырысатын алаяқтардан қорғаймыз",- деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Айта кетері, дәл осындай сервис Бірінші кредит бюросының (БКБ) сайтында ақылы түрде қолжетімді.
Кредит алудан ерікті бас тарту қызметі eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіндегі "Танымал қызметтер" бөлімінде қолжетімді. Дәл осы қызметті eGov.kz порталының "Азаматтарға" – "Кеден және салықтар" – "Экономика және қаржы" бөлімінен алуға болады.