Биыл бірінші сыныпқа баратын оқушылардың 70 проценті қазақ тілінде білім алады

© Sputnik / Тимур Батыршин День знаний в Алматы - 2021
 День знаний в Алматы - 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2023
Жазылу
Жаңа оқу жылында 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті
АЛМАТЫ, 31 тамыз - Sputnik. 1 қыркүйекте 382 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген.
"Жаңа оқу жылында 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті - 188 900 оқушы. Жалпы, 2023-2024 оқу жылында мектептерде 3,9 миллионға жуық қазақстандық білім алады", - дейді министрлік.
55 мың бала оқу жылын жаңа мектептерде оқитын болады. Биыл жыл соңына дейін жаңа 132 мың орындық білім беру ұйымдары пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазақстанда жалпы 7,7 мың орта білім беру ұйымы бар.

Последний звонок - 2022 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Білім
Оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқиды
Жаңалықтар
0