https://sputnik.kz/20230831/biyl-2-mynnan-asa-onlayn-kazino-sayty-bugattaldy--qma-38061200.html
Биыл 2 мыңнан аса онлайн-казино сайты бұғатталды – ҚМА
Биыл 2 мыңнан аса онлайн-казино сайты бұғатталды – ҚМА
Sputnik Қазақстан
TikTok-та да құмар ойындар трансляциясы жиілеп кеткен, күн сайын мыңдаған адам ойнаған 31.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-31T08:47+0500
2023-08-31T08:47+0500
2023-08-31T08:47+0500
қоғам
сайттар
казино
https://sputnik.kz/img/194/69/1946990_0:161:3069:1887_1920x0_80_0_0_a721b7b75a5dd3190315c59f53316c31.jpg
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.Агенттіктің ақпаратынша, 2019 жылдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша өндірісте 1 148 іс болған, оның ішінде 849 адамға қатысты 940 іс аяқталды. Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы 5 жылда тіркелген істер саны 5,5 есеге төмендеген.Жыл сайын анықталатын заңсыз ойын терминалдарының саны 16 есеге – 1260-тан 76-ға дейін азайды. Бұл ретте заңсыз ойын терминалдары бойынша қылмыстық істердің саны 2019 жылғы 208-ден биыл 28-ге дейін, яғни 7 есеге азайған.Сонымен қатар, үй-жайларды жалға берушілерді жауапқа тарту бойынша шаралар қабылдануда."Астыртын казино қызметін тоқтатуға бағытталған жұмыс аясында анықталған құқықбұзушылықтар санын 2019 жылғы 35-тен биыл 12-ге дейін яғни 3 есе азайтуға мүмкіндік туды. Заңды букмекерлік кеңсе атын жамылған, заңсыз ойын сайттарының 4 фактісі анықталды. Алаяқтар белгілі букмекерлік кеңселердің атауларын (домендерін) қосымша аббревиатуралар қосу арқылы өзгерткен. Атап айтқанда, белгілі букмекерлік кеңсенің атымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу басталды", - деп хабарлады агенттік.Бұдан бөлек ҚМА ақпаратынша биыл "TikTok" желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясы жиілеген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұйымдастырушылардың 177 аккаунты анықталды. Күн сайын мыңдаған ойыншы құмар ойындар ойнаған.10 ұйымдастырушыға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды, оның 3-і бойынша сот үкімі шықты. Қалған істер әлі тергеліп жатыр. 4 адам әрқайсысы 4 жылға сотталса, 2 адамның бас бостандығы шектелді.Сондай-ақ 2022 жылы 5,5 мың онлайн-казино сайты мен аккаунты, биыл 2 мыңнан аса сайт бұғатталған.Агенттік Ақпарат комитетімен және ҰҚК МТҚ-мен бірлесіп онлайн-казиноның "көшірме" сайттарын (жаңадан құрылатын) жедел бұғаттау туралы шешім қабылдады. "Кибербақылау" жүйесіндегі сайттарды бұғаттау алгоритмі 14 тәуліктен 1 күнге дейін жеңілдетілді.ҚМА азаматтарды құмар ойындарға – лудоманияға патологиялық тәуелділіктен қорғау мақсатында заңсыз ойын нүктелерін анықтау және бұғаттау жөніндегі жұмысты жалғастырады, деп атап өтті ведомство.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/194/69/1946990_168:0:2899:2048_1920x0_80_0_0_65349f05bcce887dd2877349077b444f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайттар, казино
Биыл 2 мыңнан аса онлайн-казино сайты бұғатталды – ҚМА
TikTok-та да құмар ойындар трансляциясы жиілеп кеткен, күн сайын мыңдаған адам ойнаған
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.
Агенттіктің ақпаратынша, 2019 жылдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша өндірісте 1 148 іс болған, оның ішінде 849 адамға қатысты 940 іс аяқталды. Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы 5 жылда тіркелген істер саны 5,5 есеге төмендеген.
Жыл сайын анықталатын заңсыз ойын терминалдарының саны 16 есеге – 1260-тан 76-ға дейін азайды. Бұл ретте заңсыз ойын терминалдары бойынша қылмыстық істердің саны 2019 жылғы 208-ден биыл 28-ге дейін, яғни 7 есеге азайған.
Сонымен қатар, үй-жайларды жалға берушілерді жауапқа тарту бойынша шаралар қабылдануда.
"Астыртын казино қызметін тоқтатуға бағытталған жұмыс аясында анықталған құқықбұзушылықтар санын 2019 жылғы 35-тен биыл 12-ге дейін яғни 3 есе азайтуға мүмкіндік туды. Заңды букмекерлік кеңсе атын жамылған, заңсыз ойын сайттарының 4 фактісі анықталды. Алаяқтар белгілі букмекерлік кеңселердің атауларын (домендерін) қосымша аббревиатуралар қосу арқылы өзгерткен. Атап айтқанда, белгілі букмекерлік кеңсенің атымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу басталды", - деп хабарлады агенттік.
Бұдан бөлек ҚМА ақпаратынша биыл "TikTok" желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясы жиілеген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұйымдастырушылардың 177 аккаунты анықталды. Күн сайын мыңдаған ойыншы құмар ойындар ойнаған.
10 ұйымдастырушыға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды, оның 3-і бойынша сот үкімі шықты. Қалған істер әлі тергеліп жатыр. 4 адам әрқайсысы 4 жылға сотталса, 2 адамның бас бостандығы шектелді.
"Ақпарат комитетімен және желі иесімен бірлесіп, "TikTok" платформасының жасанды интеллектісінің жұмысы жолға қойылды. Бұл заңсыз контент эфирін жедел бұғаттауға мүмкіндік береді. Құмар ойындарды тарататын жаңа аккаунттар қысқа мерзімде автоматты түрде бұғатталады", - деп мәлімдеді агенттіктегілер.
Сондай-ақ 2022 жылы 5,5 мың онлайн-казино сайты мен аккаунты, биыл 2 мыңнан аса сайт бұғатталған.
Агенттік Ақпарат комитетімен және ҰҚК МТҚ-мен бірлесіп онлайн-казиноның "көшірме" сайттарын (жаңадан құрылатын) жедел бұғаттау туралы шешім қабылдады. "Кибербақылау" жүйесіндегі сайттарды бұғаттау алгоритмі 14 тәуліктен 1 күнге дейін жеңілдетілді.
ҚМА азаматтарды құмар ойындарға – лудоманияға патологиялық тәуелділіктен қорғау мақсатында заңсыз ойын нүктелерін анықтау және бұғаттау жөніндегі жұмысты жалғастырады, деп атап өтті ведомство.