Өңірлер

Атыраулықтар 1 қыркүйек күні қоғамдық көлікпен тегін жүреді

© Photo : акимат АлматыАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2023
Жазылу
Қала әкімі Білім күніне орай автопарк басшыларына осындай өтініш жасаған
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Білім күніне орай Атырау қаласының тұрғындары 1 қыркүйекте автобуспен тегін жүреді. Бұл туралы қала әкімі Шәкір Кейкин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Айтуынша, ол оқу жылының алғашқы күнінің маңыздылығын ескеріп, ата-аналар мен оқушылардың, мұғалімдер мен басқа да қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін "Ақжайық", "Атырау", "Алғабус" автопаркі басшыларына автобуста тегін қатынау туралы ұсыныс білдірген.

"Аталған автопарк басшылары ұсынысымды бірауыздан қолдап, 1 қыркүйек күні Атырау қаласы және қалаға қарасты елдімекендерге қатынайтын барлық маршруттағы автобустардың тегін қызмет көрсетуге дайын екенін айтты", - деп жазды қала басшысы.

Шәкір Кейкин біркүндік акцияны қолдаған автопарк басшылары мен қызметкерлеріне барша қала тұрғыны атынан алғысын айтты. Сондай-ақ мектеп табалдырығын аттағалы тұрған оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтады.

Последний звонок - 2022 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Білім
Оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқиды
Жаңалықтар
0