172 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды

© Sputnik / Владислав ВодневБОЛАШАК, центр международных программ
БОЛАШАК, центр международных программ - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2023
Жазылу
Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады
АЛМАТЫ, 31 тамыз - Sputnik. Қазақстандық "Болашақ"️ стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы.
Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды.
"Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді. Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады", - деп хабарлайды ведомство.
Стипендия иегерлерінің толық тізімін мына жерден көре аласыз.
Естеріңізге сала кетейік, биыл "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау төрт лекке бөлінген. Соңғы лекке 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін құжат қабылданады. Ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжат тапсыруға болады.
Болашақ түлегі туған ауданына әкім болып тағайындалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2023
Өңірлер
32 жастағы "Болашақ" түлегі туған ауданына әкім болып тағайындалды
Жаңалықтар
0