https://sputnik.kz/20230830/qostanay-oblysynda-zhetkinshekti-toq-soqty---audan-akiminin-orynbasary-zhumystan-shygaryldy-38056556.html
Қостанай облысында жеткіншекті тоқ соқты - аудан әкімінің орынбасары жұмыстан шығарылды
Қостанай облысында жеткіншекті тоқ соқты - аудан әкімінің орынбасары жұмыстан шығарылды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта қыз облыстық балалар ауруханасында жатыр 30.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-30T15:48+0500
2023-08-30T15:48+0500
2023-08-30T15:48+0500
қостанай облысы
тоқ соғу
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_231:547:2900:2048_1920x0_80_0_0_a82a95a6da89e9b2fcd1b169c7fa16b1.jpg
АЛМАТЫ, 30 тамыз - Sputnik. Қостанай облысында көбік кешінде жеткіншекті тоқ соқты. Аудан әкімінің орынбасары жұмыстан босатылды. Бұл туралы 30 тамызда Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, 25 тамызда Ұзынкөл кентінде Жастар күніне арналған көбік кеші өтті, онда 9 жасар қызды электр тогы соққан. Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қосымша тексеру және консультациялар алу үшін бүгін, 30 тамызда Қостанайға Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының 2 маманы келді. Облыс әкімінің орынбасары іс-шараны аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша жеке кәсіпкер ұйымдастырғанын атап өтті. Осы факт бойынша полиция тергеу іс-шараларын жүргізеді, оның қорытындысы бойынша кінәлі адамдар анықталады. "Бұған дейін облыс әкімі бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін атап өткен болатын. Болған қайғылы жағдайға байланысты тиісті бақылаудың жоқтығы үшін Ұзынкөл ауданының әкімі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар әкімдік тарапынан іс-шараны ұйымдастыруға жауапты болған аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы лауазымдарынан босатылды", - деді Мұхаметқалиев.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_569:552:2564:2048_1920x0_80_0_0_f8046b50b541a39b1fb1d3444d0ba45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, тоқ соғу
қостанай облысы, тоқ соғу
Қостанай облысында жеткіншекті тоқ соқты - аудан әкімінің орынбасары жұмыстан шығарылды
Қазіргі уақытта қыз облыстық балалар ауруханасында жатыр
АЛМАТЫ, 30 тамыз - Sputnik. Қостанай облысында көбік кешінде жеткіншекті тоқ соқты. Аудан әкімінің орынбасары жұмыстан босатылды. Бұл туралы 30 тамызда Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, 25 тамызда Ұзынкөл кентінде Жастар күніне арналған көбік кеші өтті, онда 9 жасар қызды электр тогы соққан.
"Қазіргі уақытта қыз облыстық балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы өте ауыр. Біздің дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін барлық шараларды қабылдауда", - деді Мұхаметқалиев.
Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қосымша тексеру және консультациялар алу үшін бүгін, 30 тамызда Қостанайға Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының 2 маманы келді.
Облыс әкімінің орынбасары іс-шараны аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша жеке кәсіпкер ұйымдастырғанын атап өтті. Осы факт бойынша полиция тергеу іс-шараларын жүргізеді, оның қорытындысы бойынша кінәлі адамдар анықталады.
"Бұған дейін облыс әкімі бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін атап өткен болатын. Болған қайғылы жағдайға байланысты тиісті бақылаудың жоқтығы үшін Ұзынкөл ауданының әкімі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар әкімдік тарапынан іс-шараны ұйымдастыруға жауапты болған аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы лауазымдарынан босатылды", - деді Мұхаметқалиев.