iPhone 15 қашан таныстырылатыны белгілі болды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуТелефон камерасы
Телефон камерасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2023
Жазылу
Смартфон корпусын дайындау кезінде титан мен шыны қолданылған
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Apple 12 қыркүйекте өзінің жаңа өнімдерін таныстырады. Бұл туралы Reuters агенттігі корпорацияның сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Apple жаңа iPhone 15 үлгілері мен Apple Watch смарт сағаттарын таныстырады деп жоспарланып отыр.
"TF International Securities сарапшысы Мин-Чи Куо жаңа буынның флагманы бес немесе одан да көп есе үлкейте алатын перископ камерасымен жабдықталған", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін хабарлағандай, Apple жаңа смартфондарында бағдарламаланатын батырма болады және экран жиегі кішірейтілген. Смартфон корпусын дайындау кезінде титан мен шыны қолданылған.
Жалпы Apple сатылымы қатарынан үш тоқсан бойы төмендеп жатыр. Сондықтан жаңа құрылғылар компанияның өсімін қалпына келтіруге көмектесуі керек.
"Wonderlust" деп аталатын таныстыру шарасын apple.com сайтында және Apple TV қолданбасында тамашалауға болады.
Forbes мәліметіншеосы жаңалықтан кейін компания акциялары Nasdaq биржасында көтеріліп, бір акция бағасы 183,7 долларға жеткен.
Жаңалықтар
0