Электрсамокаттарға қатысты заң күшіне енді

© Sputnik / Владислав ВодневСтоянка самокатов
Стоянка самокатов - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2023
Жазылу
Ішкі істер министрлігі электрсамокаттарға қатысты жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Бүгіннен бастап электрсамокаттар мен мопедтерге қатысты заң күшіне енді. Бұдан былай жаңа ережені бұзғандарға айыппұл салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Заң талаптары қандай

Заң бойынша электрсамокаттар жүру жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейінгі көлік құралдарына жатады. Онымен велосипед жолағымен де, жолдың жиегімен де шектеусіз жүруге болады. Сонымен қатар электрсамокаттарға жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне рұқсат етіледі.
Негізгі талаптар:
электрсамокат жүргіушісінің 18 жасқа толуы;
басқа шлем тағу;
жарық шағылыстыратын киімнің болуы;
кез келген санаттағы жүргізуші куәлігін алу;
фар жарығының болуы.
Самокатпен жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Тротуарларда жылдамдықты сағатына 6 шақырымнан асырмау қажет. Ал жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өту керек.

Айыппұлдың көлемі

Электрсамокатпен жүретін адамның басында шлем, ал үстінде жарық шағылыстыратын элемент болмаса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Оған ескерту жасалады немесе 3 АЕК (биыл – 10 350 теңге) айыппұл салынады.
Жолаушылар мен жүктерді тасуға қатысты шектеу бұзылса, 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Тротуармен жүретін электрсамокаттың жылдамдығын анықтау қиын. Дегенмен сағатына 6 шақырым шамамен жаяу жүргіншілер легінің жылдамдығына тең.
Сондықтан тәртіп бұзушыны сырттай көзбен анықтауға болады. Бұдан бөлек, полицияда жылдамдықты анықтайтын "Кибер-шериф" жылжымалы кешендері бар. Соның көмегімен нақты жылдамдықты тіркеуге мүмкіндік бар. Кәмелетке толмаған балалар мінген электросамокат жол апатына ұшыраса, онда заң бойынша ата-анасы жауапқа тартылады.

Мопед пен электрсамокатқа қатысты шектеулер

Заң бойынша мопед пен электрсамокат мінетіндерге велосипедшілермен бірдей шектеу белгіленген. Жол жүру ережесіне сәйкес, бірнеше талапты қатаң сақтауы қажет. Оны бұзған жағдайда айыппұл салынады.
Негізгі шектеулер:
ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүруге;
жолаушы тасымалдауға (велосипед пен мопедтердерде арнайы орын болуы шарт);
ұзындығынан немесе енi жағынан 0,5 метрге артық шығып тұратын жүктердi немесе басқаруға кедергi келтiретiн жүктердi тасымалдауға;
велосипед жолағы болғанда жолмен жүруге;
трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;
велосипедпен немесе мопедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтер мен велосипедтерді, сондай-ақ электрсамокаттарды сүйретуге тыйым салынады.
Сондай-ақ велосипед жолағы мен жол қиылысқан жерде бағдаршам болмаса, көлікке жол беру керек.

Тағы қандай шектеулер енгізіледі

Ішкі істер министрлігі электрсамокаттарға қатысты жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Атап айтақанда, жарықсыз учаскелерде, қала сыртындағы трассаларда және кәмелетке толмағандарға электр скутерлерін пайдалануға тыйым салу ұсынылды. Ал электрсамокатқа балалар мінбеуі үшін салмақ категориясы бойынша шектеу енгізу көзделген. Мысалы, 30 келі және одан жоғары салмаққа ғана рұқсат етіледі.
Кикшерингтік компаниялар жалпы "жосықсыз клиенттердің тізімін" құруды да ұсынды. Оған жол қозғалысы ережелерін, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзатын, скутерді рұқсат етілмеген жерде қалдыратындар енгізіледі. Мұндай пайдаланушылар үшін барлық компания бір мезгілде қызмет көрсетпей қояды.
Жаңалықтар
0