Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен кедергісіз өткізгені үшін 50 мың теңгеден алған

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Жетісу облысы көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары кедергісіз жүргені үшін әр жүк көлігінен айына 50 мың теңгеден алған деген күдікке ілінді.
Бұл заңсыздықты ҰҚК облыстық департаменті мен өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірлесіп тоқтатты.
Күдікті шенеунік параны өзінің сенімді делдалы арқылы алып отырған. Соттың санкциясымен ол қамауға алынып, қазіргі күні тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0