https://sputnik.kz/20230829/qazaqstandyq-sport-zhana-esimderge-muqtazh--smayylov-38036795.html
Қазақстандық спорт жаңа есімдерге мұқтаж – Смайылов
Қазақстандық спорт жаңа есімдерге мұқтаж – Смайылов
Sputnik Қазақстан
Қытайда өткен жазғы Универсиадада Қазақстанның студенттер құрамасы жалпы медальдық есепте 20-шы орын иеленді 29.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-29T16:13+0500
2023-08-29T16:13+0500
2023-08-29T16:13+0500
спорт
әлихан смайылов
жеңімпаздар
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38034827_9:0:1271:710_1920x0_80_0_0_5becc9191d3bd516105e9445088d93ea.jpg
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарымен кездесті. Кездесу барысында Смайылов мемлекет басшысының спортшыларға жолдаған құттықтау сөзін оқып берді.Жазғы Универсиада 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өткен болатын. Қазақстанның студенттер құрамасында 11 спорт түрінен 90 спортшы қатысты. Нәтижесінде құрама команда жалпы медальдық есепте 119 елдің арасынан 20-шы орынды иеленді.Кездесу барысында Әлихан Смайылов президенттің құттықтау сөзін оқып берді."Әлемнің 119 елінің өрендері бақ сынаған байрақты бәсекеде жастарымыз 2 алтын, 7 күміс және 11 қола медальға ие болды. Студенттеріміздің бұл жетістігі қазақ спортының тарихына алтын әріппен жазылады. Саңлақ спортшыларымыз мемлекетіміздің мерейін арттырып, абыройын асқақтатты. Біз оларды жас ұрпаққа үлгі етуіміз керек. Дүбірлі додаға қатысқан жастардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Болашақта бұдан да биік белестерді бағындырып, Қазақ елін әлемге танытасыздар деп сенемін", - делінген құттықтау хатында.Премьер-министр студент жастардан құралған қазақстандық атлеттер осы халықаралық жарыстарда өзін лайықты көрсеткенін атап өтті.Смайылов бүгінгі таңда қазақстандық спорт жаңа есімдерге, яғни даңқты спортшылардың орнын басатын спортшыларға мұқтаж екенін, сондықтан да Универсиададағы бүгінгі жеңіс – бұл болашақтағы олимпиадалық жетістіктерге апаратын нақты қадам екенін атап өтті."Үкімет атынан және жеке өз атымнан лайықты өнер көрсеткендеріңіз үшін барлық жаттықтырушы мен жас спортшыға, сондай-ақ ата-аналарыңызға алғыс айтамын. Біз сіздердің спорттағы жеңістеріңіз сыйлаған қуанышты сәттерге ризашылық білдіреміз. Сіздерден жаңа жетістіктер мен рекордтар күтеміз!", — деп түйіндеді сөзін үкімет басшысы.Кездесу барысында премьер-министр ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38034827_167:0:1114:710_1920x0_80_0_0_d2924bf87d5c0a9a373baefb5c4021a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, жеңімпаздар
әлихан смайылов, жеңімпаздар
Қазақстандық спорт жаңа есімдерге мұқтаж – Смайылов
Қытайда өткен жазғы Универсиадада Қазақстанның студенттер құрамасы жалпы медальдық есепте 20-шы орын иеленді
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарымен кездесті. Кездесу барысында Смайылов мемлекет басшысының спортшыларға жолдаған құттықтау сөзін оқып берді.
Жазғы Универсиада 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өткен болатын. Қазақстанның студенттер құрамасында 11 спорт түрінен 90 спортшы қатысты. Нәтижесінде құрама команда жалпы медальдық есепте 119 елдің арасынан 20-шы орынды иеленді.
Кездесу барысында Әлихан Смайылов президенттің құттықтау сөзін оқып берді.
"Әлемнің 119 елінің өрендері бақ сынаған байрақты бәсекеде жастарымыз 2 алтын, 7 күміс және 11 қола медальға ие болды. Студенттеріміздің бұл жетістігі қазақ спортының тарихына алтын әріппен жазылады. Саңлақ спортшыларымыз мемлекетіміздің мерейін арттырып, абыройын асқақтатты. Біз оларды жас ұрпаққа үлгі етуіміз керек. Дүбірлі додаға қатысқан жастардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Болашақта бұдан да биік белестерді бағындырып, Қазақ елін әлемге танытасыздар деп сенемін", - делінген құттықтау хатында.
Премьер-министр студент жастардан құралған қазақстандық атлеттер осы халықаралық жарыстарда өзін лайықты көрсеткенін атап өтті.
Смайылов бүгінгі таңда қазақстандық спорт жаңа есімдерге, яғни даңқты спортшылардың орнын басатын спортшыларға мұқтаж екенін, сондықтан да Универсиададағы бүгінгі жеңіс – бұл болашақтағы олимпиадалық жетістіктерге апаратын нақты қадам екенін атап өтті.
"Үкімет атынан және жеке өз атымнан лайықты өнер көрсеткендеріңіз үшін барлық жаттықтырушы мен жас спортшыға, сондай-ақ ата-аналарыңызға алғыс айтамын. Біз сіздердің спорттағы жеңістеріңіз сыйлаған қуанышты сәттерге ризашылық білдіреміз. Сіздерден жаңа жетістіктер мен рекордтар күтеміз!", — деп түйіндеді сөзін үкімет басшысы.
Кездесу барысында премьер-министр ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.