https://sputnik.kz/20230829/qazaqstanda-mma-zhekpe-zhekterin-korsetuge-shekteu-qoyylady--ministr-38015875.html
Қазақстанда ММА жекпе-жектерін көрсетуге шектеу қойылады – министр
Қазақстанда ММА жекпе-жектерін көрсетуге шектеу қойылады – министр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі телеарналарда ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне шектеу қойылатынын... 29.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-29T09:25+0500
2023-08-29T09:25+0500
2023-08-29T09:25+0500
мма
https://sputnik.kz/img/213/35/2133541_0:0:1152:648_1920x0_80_0_0_ab34f40eade1c785c67f6eb917cff3b8.jpg
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі телеарналарда ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне шектеу қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің Telegram каналына сілтеме жасап.Министрдің айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты – зорлық-зомбылықты азайту. Әйтпесе, мектеп оқушылары арасында ММА әдістерін қолдану әрекеттері жиілеп кеткен."Телеарналарда зорлық-зомбылықты азайту мақсатында ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне де шектеу қойып жатырмыз. Себебі көп жағдайда сондай бағдарламаларды көрген жеткіншектер, әсіресе, мектеп балалары сол әдіс-тәсілдерді қолдану мақсатында кейде бір-біріне қол көтеріп жатады. Біз оны кейде байқамай, WhatsApp арқылы таратып жатамыз. Мысалы, қыздардың төбелесіп жатқанын немесе ер балалардың бір-бірін аяусыз ұрып жатқаны жайлы видеолар шарлап жүреді. Ал зорлық-зомбылық немесе қатыгездік керісінше, сол қытыгездікті туғызатыны белгілі", - дейді Қыдырәлі.Оның айтуынша, 6 айда жастар арасында 252 қылмыс тіркелген. Соның басым бөлігі қатыгездік әрекет. Бұдан бөлек, биыл жарты жылда зорлық-зомбылықты насихаттайтын 219 контент анықталған."Зорлық-зомбылық көбінесе баланың танысы, көршісі немесе жақындары тарапынан жасалып жатады. Сондықтан ата-аналары ұят болады деп, баланы тыйып жатады. Соның бәрі баланың психологиясына әсер етеді, ол кейін суицидке апаруы, басқа да көптеген теріс салдары болуы мүмкін", - деп атап өтті министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/213/35/2133541_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_e502186561d7167f87fa542ee1e68e0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мма
Қазақстанда ММА жекпе-жектерін көрсетуге шектеу қойылады – министр
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі телеарналарда ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне шектеу қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан министрліктің
Telegram каналына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты – зорлық-зомбылықты азайту. Әйтпесе, мектеп оқушылары арасында ММА әдістерін қолдану әрекеттері жиілеп кеткен.
"Телеарналарда зорлық-зомбылықты азайту мақсатында ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне де шектеу қойып жатырмыз. Себебі көп жағдайда сондай бағдарламаларды көрген жеткіншектер, әсіресе, мектеп балалары сол әдіс-тәсілдерді қолдану мақсатында кейде бір-біріне қол көтеріп жатады. Біз оны кейде байқамай, WhatsApp арқылы таратып жатамыз. Мысалы, қыздардың төбелесіп жатқанын немесе ер балалардың бір-бірін аяусыз ұрып жатқаны жайлы видеолар шарлап жүреді. Ал зорлық-зомбылық немесе қатыгездік керісінше, сол қытыгездікті туғызатыны белгілі", - дейді Қыдырәлі.
Оның айтуынша, 6 айда жастар арасында 252 қылмыс тіркелген. Соның басым бөлігі қатыгездік әрекет. Бұдан бөлек, биыл жарты жылда зорлық-зомбылықты насихаттайтын 219 контент анықталған.
"Зорлық-зомбылық көбінесе баланың танысы, көршісі немесе жақындары тарапынан жасалып жатады. Сондықтан ата-аналары ұят болады деп, баланы тыйып жатады. Соның бәрі баланың психологиясына әсер етеді, ол кейін суицидке апаруы, басқа да көптеген теріс салдары болуы мүмкін", - деп атап өтті министр.