Қазақстан Беларуське бронды техника жіберген жоқ – қорғаныс министрі

© Sputnik / Владислав ВодневРуслан Жақсылықов
Руслан Жақсылықов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2023
Жазылу
Жақсылықовтың айтуынша, бүкіл техника тұрақты дислокация пунктерінде тұр. Оқу-жаттығуға он бір әскери қызметкер аттанған
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан ҰҚШҰ жаттығуларына Беларуське бронды техника жөнелтті деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Интернетте тараған Қазақстан бронды техника жіберді деген ақпараттар – фейк. Қазіргі таңда бүкіл техника тұрақты дислокация пунктерінде тұр, 11 адамнан құралған жедел топ жіберілді. Тиісінше, бұл басқару органдарының жұмысы", - деді Жақсылықов үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, жоспарлы оқу-жаттығулардың орны алдын ала таңдалады.
"Бұл жерде Украина локациясының қатысы қанша? Беларусь – бейбіт мемлекет, ҰҚШҰ мүшесі. Өткізу орны туралы шешім күні бұрын қабылданады. Қандай да бір қауіп немесе мәселе жоқ", - деді министр.
Казахстанская армия - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2023
Қазақстанда әскери міндеттілер жиынға шақырылады – қорғаныс министрлігі
Жаңалықтар
0