Дүйсенова астаналықтардың тәжік жәрмеңкесіндегі қылығы жайлы: көңілім қалды

© akorda.kzАстанадағы тәжік жәрмеңкесі
Астанадағы тәжік жәрмеңкесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2023
Жазылу
Журналистер астаналықтардың жәрмеңкедегі теріс қылығынан кейін халықаралық қоғамдастықта Қазақстанға деген көзқарас өзгермей ме деп сұрады
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астана тұрғындарының Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесіндегі әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Шынымды айтсам, менің де көңілім қалды. Қазақстандықтар әрдайым өз мәдениетімен, толеранттылығымен, ұстамдылығымен ерекшеленетін. Бізде бәрі жаман деп айта алмаймын. Ол жерде барлық қазақстандық өздерін солай ұстаған жоқ қой. Иә, белгілі бір адамдар болды, сол себепті бізге өзімізді тәрбиелеу керек шығар", -деді Дүйсенова үкімет кулуарында.
Журналистер астаналықтардың жәрмеңкедегі теріс қылығынан кейін халықаралық қоғамдастықта Қазақстанға деген көзқарас өзгермей ме деп сұрады.
"Мұндай келеңсіз жайттар бізде ғана емес, басқа елдерде де болып жатады. Біз, қазақстандықтар, еліміздің имиджіне жауап беретінімізді естен шығармауымыз керек", - деді министр.
Астанадағы EXPO алаңында өткен демалыстағы Тәжікстанның мәдениет күндері аясында тәжік көрме-жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары көрме өнімдерін бір сағатқа жеткізбей талап алып кеткен. Жәрмеңкеден түсірілген видеолар желіде қызу талқыланып, қазақстандықтардың сынына ілікті.
Астанада өткен тәжік жәрмеңкесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2023
Елорда тынысы
Астана әкімі EXPO алаңындағы жәрмеңке жайлы: құқықбұзушылар жауапқа тартылады
Жаңалықтар
0