https://sputnik.kz/20230829/bala-quqyqtary-zhonindegi-uakil-okilettiligi-keneydi--prezident-ukimetke-tapsyrma-berdi-38034086.html
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл өкілеттілігі кеңейді – президент үкіметке тапсырма берді
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл өкілеттілігі кеңейді – президент үкіметке тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын нығайтуға тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға... 29.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-29T14:23+0500
2023-08-29T14:23+0500
2023-08-29T14:23+0500
қасым-жомарт тоқаев
бала
құқыққорғаушы
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38033176_0:117:1280:837_1920x0_80_0_0_7757cc4502305440bfc1f8f0915ae9a9.jpg
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын нығайтуға тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.Бүгін президент адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесіп, бірқатар маңызды тапсырма берді.Осы орайда үкіметке бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын одан әрі дамыту, оның инфрақұрылымын және жергілікті жерлердегі өкілдіктерінің мәртебесін нығайту мәселелерін пысықтау міндеті жүктелді.Бұдан бөлек, арнайы мандатқа ие басқа да омбудсмендердің тиімділігін арттыру керек. Ол үшін үкімет пен әкімдер омбудсмендердің өкілдерін барлық кеңесші органның жұмысына қатыстыруы қажет. Уәкілдердің басты міндеті – азаматтардың мүддесі мен құқықтарын табанды түрде қорғау және ілгерілету. Олар мемлекеттік шешімдерді әзірлеуге қатысу тұруы тиіс."Өкілдіктердің әкімдерге функционалды тұрғыда бағыныштылығын төмендету және Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдерді тағайындау кезінде Бала құқықтары жөніндегі омбудсменінің рөлін күшейту маңызды. Жақында халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Бұл жұмыста инклюзивтілікті дамытуға баса назар аудару керек. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар жеңілдіктерді пайдаланып қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласу мүмкіндігіне ие болуы қажет",- деп атап көрсетті Тоқаев
https://sputnik.kz/20230816/almatyda-maugli-balalar-tabyldy-37710257.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38033176_5:0:1276:953_1920x0_80_0_0_883c9138784cffbb996528f932af9321.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, бала, құқыққорғаушы
қасым-жомарт тоқаев, бала, құқыққорғаушы
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл өкілеттілігі кеңейді – президент үкіметке тапсырма берді
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын нығайтуға тапсырма берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.
Бүгін президент адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесіп, бірқатар маңызды тапсырма берді.
"Бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі балалар мен отбасына төнетін қатерлерді жоюға тиімді ықпал етуге тиіс. Ол үшін осы саладағы уәкіл қоғамдық және мемлекеттік институттарды ұйыстыру мүмкіндіктеріне ие болуы керек", - деді Тоқаев.
Осы орайда үкіметке бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын одан әрі дамыту, оның инфрақұрылымын және жергілікті жерлердегі өкілдіктерінің мәртебесін нығайту мәселелерін пысықтау міндеті жүктелді.
Бұдан бөлек, арнайы мандатқа ие басқа да омбудсмендердің тиімділігін арттыру керек. Ол үшін үкімет пен әкімдер омбудсмендердің өкілдерін барлық кеңесші органның жұмысына қатыстыруы қажет. Уәкілдердің басты міндеті – азаматтардың мүддесі мен құқықтарын табанды түрде қорғау және ілгерілету. Олар мемлекеттік шешімдерді әзірлеуге қатысу тұруы тиіс.
"Өкілдіктердің әкімдерге функционалды тұрғыда бағыныштылығын төмендету және Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдерді тағайындау кезінде Бала құқықтары жөніндегі омбудсменінің рөлін күшейту маңызды. Жақында халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Бұл жұмыста инклюзивтілікті дамытуға баса назар аудару керек. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар жеңілдіктерді пайдаланып қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласу мүмкіндігіне ие болуы қажет",- деп атап көрсетті Тоқаев