https://sputnik.kz/20230829/astanaga-koship-kelushiler-sanyna-shekteu-qoyyluy-mumkin--duysenovanyn-pikiri-38018337.html
Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қойылуы мүмкін – Дүйсенованың пікірі
Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қойылуы мүмкін – Дүйсенованың пікірі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қою жайлы не... 29.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-29T11:02+0500
2023-08-29T11:02+0500
2023-08-29T11:02+0500
астана
тамара дүйсенова
https://sputnik.kz/img/07e7/04/04/33556744_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5c7e302a9b5440450962798349d20a6b.jpg
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қою жайлы не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкімет кулуарында журналистер вице-премьерден "халықтың ашуына тиетін ұсынысты қалай талқылауға шығарып отырсыздар?"деп сұрады.Оның айтуынша, қазір тиісті өзгерістерді елорда әкімдігі дайындап жатыр.Осы орайда БАҚ өкілдері бұл шектеу адамның конституциялық құқығын бұзу емес пе деп нақтылады."Астанаға оқуға, жұмыс істеуге келгендер бар. Мысалы, жұмыс берушілер оларды жұмысқа шақырып, үймен немесе жатақханамен қамтамасыз етсе, оларға шектеу болмайды. Қарсылық болмайды. Сіз Астанаға емделуге немесе қыдыруға келгіңіз келсе, ешқандай қарсылық жоқ. Қайталап айтамын, егер жұмысы болып, оған қажет жағдай жасалса, оған ешқандай кедергі болмайды", - деп сендірді еңбек министрі.Бұған дейін еңбек министрлігі елордаға көшіп келушілер санына шектеу қоюды жоспарлап отырғаны хабарланды. Қазір шенеуніктер арнайы заңнамаға түзетулер мен өзгерістер енгізіп жатыр.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/04/33556744_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_b5f350ee6cdb1d96e333aca74054a714.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, тамара дүйсенова
Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қойылуы мүмкін – Дүйсенованың пікірі
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қою жайлы не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер вице-премьерден "халықтың ашуына тиетін ұсынысты қалай талқылауға шығарып отырсыздар?"деп сұрады.
"Қазір Астанада бір миллионнан аса адам тұрып жатыр. Бұрынғы Ақмола қаласы 300 мың адамға ғана есептелген. Жастар оқуға келіп жатыр. Қалада жұмыс орындары ашылуда. Елорданың бүгінгі инфрақұрылымы халыққа тиісті жағдай жасауға мүмкіндік бермей жатыр. Егер Астананың көлемі кеңейіп, мүмкіндіктер жасалса, әсіресе, әлеуметтік инфрақұрылым салынса, онда ашуға болады. Қазір осындай шешім қабылдауға тура келеді", - деді Дүйсенова.
Оның айтуынша, қазір тиісті өзгерістерді елорда әкімдігі дайындап жатыр.
Осы орайда БАҚ өкілдері бұл шектеу адамның конституциялық құқығын бұзу емес пе деп нақтылады.
"Астанаға оқуға, жұмыс істеуге келгендер бар. Мысалы, жұмыс берушілер оларды жұмысқа шақырып, үймен немесе жатақханамен қамтамасыз етсе, оларға шектеу болмайды. Қарсылық болмайды. Сіз Астанаға емделуге немесе қыдыруға келгіңіз келсе, ешқандай қарсылық жоқ. Қайталап айтамын, егер жұмысы болып, оған қажет жағдай жасалса, оған ешқандай кедергі болмайды", - деп сендірді еңбек министрі.
Бұған дейін еңбек министрлігі елордаға көшіп келушілер санына шектеу қоюды жоспарлап отырғаны хабарланды. Қазір шенеуніктер арнайы заңнамаға түзетулер мен өзгерістер енгізіп жатыр.