Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада ауған сценарийі қайталануы мүмкін бе

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуВоеннослужащие ЦВО проходят подготовку операторов БПЛА в зоне проведения СВО
Военнослужащие ЦВО проходят подготовку операторов БПЛА в зоне проведения СВО - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2023
Жазылу
"Рейтер" агенттігі Ресей Қарулы күштерінің Украинаның солтүстік-батыс аймағына қарай ілгерілеуін былай деп сипаттады: "Ресей қарулы күштерінің ауқымды контингтенті Купянск пен Лиман аумағында шабуыл жүргізіп жатыр". Дәл осы уақытта америкалық басылым украин әскерінің өкілі Александр Сырскийдің мәлімдемесін жариялады, деп жазды РИА Новости.
New York Times материалында Украина құрлық әскерінің қолбасшысы Александр Сырскийдің "ресейлік бөлімшелер артиллериямен, минометтермен және авиациямен залал келтіруді жалғастырып жатқанын" мойындап, қорғанысты жедел түрде күшейтуді талап еткені жазылған.
Іс жүзінде Пентагонның жоспары барлық украин әскерін оңтүстік-шығысқа жұмылдырып, Азов теңізіне өтуге тырысуды қарастырды. Пентагон мұндай маневр мың шақырымдық майданның солтүстік-шығыс секторын жалаңаштап, ресейлік әскерге кең мүмкіндіктер өрісін ашатынын әдейі байқамаған секілді.
"Америкалық БАҚ-тың украин әскерінің шегінуі туралы хабарды жеткізу сипаты қаншалықты өзгергені таңғалдырады. Бір жыл бұрын мұндай әрбір хабарлама Украина Қарулы күштеріне қосымша снарядтар беруге және ресейліктерге бірге шабуыл жасауға үндеулермен бірге жарияланатын. Бүгінде мұндай риторика мүлдем жоқ", - деп жазды РИА Новости.
Ресей әскерінің жетістіктері және украиналықтардың жеңілісі құрғақ баяндалады, Купянск облысының эвакуациялануы атүсті атап өтіледі және "Украинаны бірге қорғаймыз!" деген ұрандар жоқ. АҚШ Украинадан бойын алшақ ұстауға тырысып жатқан секілді. Таяуда ғана дәл осындай сценарий ауған жерінде орындалғанына бүкіл әлем куә болды.
Бұл оқиғалардағы көптеген сәйкестік таңғалдырады. Мысалы, АҚШ-тың Ауғанстаннан кетуі де "қарсы шабуылдың" аясында өтті. 2020 жылдың қазан айында америкалық жауынгерлер елдің оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында тәлібтерге қарсы шабуыл бастады. Олар тіпті бес бекетті басып алып, едәуір жетістікке жетті. Дегенмен америкалықтар өз әскерін шығаруды жалғастырды және 2021 жылдың мамыр айында тәлібтер шабуылға шығып, Кабулды басып алды.
Осы шабуылдар, шегінулер және қарсы шабуылдар барысында НАТО стандарттарына сәйкес дайындық Ауғанстан әскеріне көмектеспегені тез белгілі болды. Америкалық қолбасшылық саясаты армияның жеңіске жетуіне әдейі жол бермеген секілді. Себебі олардың елдегі барлық ірі тас жолды қараусыз қалдырып, ауған әскерін тек қалаларды қорғауға мәжбүрлеу идеясының салдары тәлібтерге басымдық алуға мүмкіндік берді.
"Жалпы барлық тарап бірін-бірі кінәлады. Шындығында бір ғана қателік болды. Ол ауғандардың Вашингтон оларды өркениет пен өркендеу өмірге жеткізеді деп сенуінде еді. Ауғанстандағы жоспары жүзеге аспағаннан кейін америкалықтар Украина назар аударды. Сондықтан бұл екі оқиғаның ұқсастығы тым көп", - деп жазылған материалда.
Күні кеше Кабулдан қашу кезінде қаза тапқан он үш америкалық әскери қызметкерді еске алу үшін Капитолийде жалау жартылай төмен түсірілді. Америка режимінің өкілдері осы жағдайда қатысты сөз сөйледі. Бірақ жиырма жылдық қанды қақтығыс кезінде қаза тапқан жүз мыңдаған ауған жауынгерлері мен бейбіт тұрғындарды туралы ешкім есіне алған жоқ.
Мақала авторы жазғандай, Вашингтон Украинаны Ресей үшін екінші Ауғанстанға айналдырып, оның өз аумағын тапсыруына және қоғамда наразылық туындап, одан әрі мемлекет ыдырауына қол жеткізуді көздеді. Анығында Украина АҚШ үшін екінші Ауғанстанға айналды. Бұған АҚШ ішіндегі наразылықтар және Батыстағы БАҚ таратқан ақпараттың сипаты өзгеріп жатқаны дәлел.
Жаңалықтар
0