Студенттер үшін жатақханаға орналасу мәселесі бойынша жедел желі ашылды

Жатақхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Қазақстанда студенттер үшін жатақханаға орналасу мәселесі бойынша жедел желі ашылды, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.
Ахуалдық орталық тәулік бойы жұмыс істейді, телефондар желісі +7 (700) 950-95-28, +7 (700) 255-14-43.
Қыркүйек айынан бастап 7000-нан астам жетім және мүгедек студент жатақханаларда тұру ақысына жылына 29 АЕК мөлшерінде материалдық көмек ала бастайды, деп толықтырды ведомство.
Шілде айында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл төрт жатақхананың құрылысы тоқтап қалуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Премьер Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін студенттерді жатақханаға орналастыру тыңғылықты жұмысын жүргізуді, сондай-ақ биылғы жылға жоспарланған барлық 37 нысанның мерзімінде тапсырылуын қадағалауды тапсырды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2023
Екі жарым мыңға жуық студент жатақхана алуға өтініш жазған
Жаңалықтар
0