Резидентурада оқуға берілетін гранттар саны 70 пайызға артты

© Sputnik / Владислав ВодневСтуденттер
Студенттер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2023
Жазылу
Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. 2023 жылы резидентурада оқуға берілетін гранттар саны 70 пайызға – 1500-ден 2500-ге дейін өсті, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артатынын айтқан болатын", - деп жазылған хабарламада.
Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері:
Акушерлік және гинекология – 214
Анестезиология және реаниматология – 200
Неонатология – 119
Терапия – 115
Жалпы хирургия – 98
Неврология – 92
Психиатрия – 88
Оториноларингология – 83
Кардиология – 78
Офтальмология – 66
Жұқпалы аурулар – 63
Травматология-ортопедия – 62
Эндокринология – 55
Қалғандары – 1167
Жаңалықтар
0