Қазақтың тазысы Женевадағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

© Photo : 24.kzТанылмаған тұқымдар тобында қазақстандық 2 ит үздік деп танылды
Танылмаған тұқымдар тобында қазақстандық 2 ит үздік деп танылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Қазақтың тазысы Женевада өткен World Dog Show-2023 әлем чемпионатында топ жарды.
Танылмаған тұқымдар тобында қазақстандық 2 ит үздік деп танылды, деп хабарлады Хабар 24.
Халықаралық кинология федерациясы ұйымдастырған жарысқа еліміздің атынан Тұмар және Вангелия атты төрт аяқтылар қатысқан болатын.
Жуырда Қазақстанның кинологтар қауымдастығы осы FCI (Эф-Си-Ай) ұйымының толыққанды мүшесі атанған. Ал бұл тазы мен төбеттерге халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді.
Айта кетері, бұл жаһандық жарысқа 20 мыңнан астам ит қатысты.
Жаңалықтар
0