https://sputnik.kz/20230828/qazaqstanda-1-millionnan-astam-azamattyn-zhardemaqysy-osti--38006788.html
Қазақстанда 1 миллионнан астам азаматтың жәрдемақысы өсті
Қазақстанда 1 миллионнан астам азаматтың жәрдемақысы өсті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстанда әлеуметтік кодексті іске асыру аясында 1 млн-нан астам азаматтың жәрдемақы мөлшері өсті, деп хабарлайды еңбек және... 28.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-28T20:00+0500
2023-08-28T20:00+0500
2023-08-28T20:00+0500
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744237_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_1f9c28d1a42bd57e172cd453b94c89b0.jpg
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстанда әлеуметтік кодексті іске асыру аясында 1 млн-нан астам азаматтың жәрдемақы мөлшері өсті, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.1 шілдеден бастап азаматтардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдер 14,5% - ға ұлғайды.Сондай-ақ мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға немесе күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақы мөлшері де 14,5% - ға өсті."Жыл басынан бері жоғарыда аталған жәрдемақыларды орта есеппен 59 млрд 373 млн теңгеге 143 мыңнан астам адам алды. Бұдан басқа, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың кейбір түрлерінің мөлшері орта есеппен 14,5% - ға ұлғайды", - дейді ведомство.Сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарына немесе саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын және Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдардың жәрдемақылары да артты. Биыл 1 тамызға дейін орта есеппен жоғарыда аталған арнаулы әлеуметтік жәрдемақы түрлерін 2 млрд 581 млн теңгені шамамен 107,2 мың адам алды."1 шілдеден бастап мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері орта есеппен 14,5% - ға артты. Мысалы, бірінші топтағы жалпы аурудан мүгедектігі бар адам өткен жылы 71 787 теңге көлемінде жәрдемақы алса, биыл 1 шілдеден бастап 89 248 теңге алады. Бұл жәрдемақы түрлерін осы жылдың тамызына дейін 291 млрд 317 млн теңге сомасына 727,8 мың адам алды", - дейді министрлік.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744237_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_7d7346df53baea8b05155abdb4e6cbb3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәрдемақы
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстанда әлеуметтік кодексті іске асыру аясында 1 млн-нан астам азаматтың жәрдемақы мөлшері өсті, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
1 шілдеден бастап азаматтардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдер 14,5% - ға ұлғайды.
"7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеп, марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері артты. Мәселен, "Алтын алқа" алқасымен, "Батыр ана" атағы бар, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 6,4-тен 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды. Бұндай аналар саны орта есеппен 92,2 мың", - дейді министрлік.
Сондай-ақ мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға немесе күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақы мөлшері де 14,5% - ға өсті.
"Жыл басынан бері жоғарыда аталған жәрдемақыларды орта есеппен 59 млрд 373 млн теңгеге 143 мыңнан астам адам алды. Бұдан басқа, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың кейбір түрлерінің мөлшері орта есеппен 14,5% - ға ұлғайды", - дейді ведомство.
Сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарына немесе саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын және Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдардың жәрдемақылары да артты. Биыл 1 тамызға дейін орта есеппен жоғарыда аталған арнаулы әлеуметтік жәрдемақы түрлерін 2 млрд 581 млн теңгені шамамен 107,2 мың адам алды.
"1 шілдеден бастап мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері орта есеппен 14,5% - ға артты. Мысалы, бірінші топтағы жалпы аурудан мүгедектігі бар адам өткен жылы 71 787 теңге көлемінде жәрдемақы алса, биыл 1 шілдеден бастап 89 248 теңге алады. Бұл жәрдемақы түрлерін осы жылдың тамызына дейін 291 млрд 317 млн теңге сомасына 727,8 мың адам алды", - дейді министрлік.