https://sputnik.kz/20230828/qanaynalym-zhuyesi-aurularynan-bolatyn-olim-zhitim-85-ga-tomendedi-37994195.html
Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 8,5%-ға төмендеді
Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 8,5%-ға төмендеді
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері жүрекке 6 148 операция жасалды, интервенциялық оталар саны 14%-ға артты 28.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-28T09:03+0500
2023-08-28T09:03+0500
2023-08-28T09:03+0500
жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары
жасанды жүрек
https://sputnik.kz/img/07e7/01/12/31241896_0:0:3069:1727_1920x0_80_0_0_5a0d9593fd8b6899f023cf059ea55540.jpg
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстанда қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 8,5%-ға төмендеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.Оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы 12%-ға, жіті миокард инфарктісі - 4,6%-ға, стенокардия-10%-ға, инсульт-13,5%-ға төмендеді. Ал өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ашық жүрекке жасалатын операциялар саны еліміз бойынша 7,1%-ға өсті.10 жылдың Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың базасында 460 қанайналымын ұзақ механикалық қолдау құрылғысы имплантатталды, тек биылғы жылы 18 пациент кіріктірілген аппараттардың арқасында өмір сүру мүмкіндігіне ие болды.Қазақстанда барлығы 13 кардиохирургиялық орталықта/бөлімшеде 602 қолқа қақпақшасын имплантаттау жүргізілді, оның ішінде 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 80 транскатетерлік TAVI қолқа қақпақшасы имплантатталды.Айта кетері, Қазақстан жүрек пен өкпені трансплантаттайтын Орталық Азиядағы жалғыз ел саналады. Соңғы 10 жылда ҰҒКО базасында донорлық жүректі трансплантаттау бойынша 86 операция жасалды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айында алғаш рет "Шымкент жүрек орталығы" КеАҚ және "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" АҚ қабырғасында екі пациентке жүректі трансплантаттау сәтті жүргізілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/12/31241896_67:0:2798:2048_1920x0_80_0_0_0f54db81f4d343f5d0dc4d53b0527eab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары, жасанды жүрек
жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары, жасанды жүрек
Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 8,5%-ға төмендеді
Жыл басынан бері жүрекке 6 148 операция жасалды, интервенциялық оталар саны 14%-ға артты
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстанда қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 8,5%-ға төмендеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы 12%-ға, жіті миокард инфарктісі - 4,6%-ға, стенокардия-10%-ға, инсульт-13,5%-ға төмендеді. Ал өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ашық жүрекке жасалатын операциялар саны еліміз бойынша 7,1%-ға өсті.
"Жыл басынан бері жүрекке 6 148 операция жасалды, интервенциялық оталар саны 14%-ға артып, 55 000-нан асты, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 500-ге көп", - деп жазылған хабарламада.
10 жылдың Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың базасында 460 қанайналымын ұзақ механикалық қолдау құрылғысы имплантатталды, тек биылғы жылы 18 пациент кіріктірілген аппараттардың арқасында өмір сүру мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстанда барлығы 13 кардиохирургиялық орталықта/бөлімшеде 602 қолқа қақпақшасын имплантаттау жүргізілді, оның ішінде 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 80 транскатетерлік TAVI қолқа қақпақшасы имплантатталды.
Айта кетері, Қазақстан жүрек пен өкпені трансплантаттайтын Орталық Азиядағы жалғыз ел саналады. Соңғы 10 жылда ҰҒКО базасында донорлық жүректі трансплантаттау бойынша 86 операция жасалды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айында алғаш рет "Шымкент жүрек орталығы" КеАҚ және "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" АҚ қабырғасында екі пациентке жүректі трансплантаттау сәтті жүргізілді.