https://sputnik.kz/20230828/irnazarova-men-saduaqasova-alem-chempionatynda-tarikhi-zhuldege-qol-zhetkizdi-37999159.html
Ирназарова мен Сәдуақасова әлем чемпионатында тарихи жүлдеге қол жеткізді
Ирназарова мен Сәдуақасова әлем чемпионатында тарихи жүлдеге қол жеткізді
Sputnik Қазақстан
Зухра Ирназарова әлем чемпионы атанды, ал Александра Сәдуақасова күміс жүлдеге ие болды 28.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-28T12:20+0500
2023-08-28T12:20+0500
2023-08-28T12:20+0500
әлем чемпионы
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1c/37999246_0:92:1763:1084_1920x0_80_0_0_49459b7a03f1572cc260d2c482ccdc13.jpg
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Әзербайжан астанасында өтіп жатқан нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті, деп хабарлады МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеуден финалға екі қазақстандық – Зухра Ирназарова мен Александра Сәдуақасова шығып, бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен ақтық сында Зухра отандасы Александрадан 6-3 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Ал қола украиналық Галина Авраменкоға бұйырды.Бұған дейін ересектер арасында қазақстандық мергендер әлем чемпионатында жүлде алмаған. Барлық жетістік жасөспірімдер мен жастар деңгейінде тіркелген. Ал бүгін бірден қос медаль бұйырды. Бакуде күміс жүлдеге ие болған Александра Сәдуақасова былтыр Францияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарғанын еске сала кетейік.Жылжымалы нысана көздеу Олимпиада бағдарламасына кірмегенімен, Азия ойындары, әлем және құрлық чемпионаты сынды байрақты бәсекелердің қатарында қалды.Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 3 жүлде бар. Бірнеше күн бұрын стенд атудың трап бағдарламасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов (микст) үздік үштікті түйіндеген. Бакудегі дода 1 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1c/37999246_98:0:1665:1175_1920x0_80_0_0_7fbc005b919b766f057c5bd361d9e83e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлем чемпионы
Ирназарова мен Сәдуақасова әлем чемпионатында тарихи жүлдеге қол жеткізді
Зухра Ирназарова әлем чемпионы атанды, ал Александра Сәдуақасова күміс жүлдеге ие болды
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Әзербайжан астанасында өтіп жатқан нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті, деп хабарлады МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеуден финалға екі қазақстандық – Зухра Ирназарова мен Александра Сәдуақасова шығып, бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен ақтық сында Зухра отандасы Александрадан 6-3 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Ал қола украиналық Галина Авраменкоға бұйырды.
Бұған дейін ересектер арасында қазақстандық мергендер әлем чемпионатында жүлде алмаған. Барлық жетістік жасөспірімдер мен жастар деңгейінде тіркелген. Ал бүгін бірден қос медаль бұйырды. Бакуде күміс жүлдеге ие болған Александра Сәдуақасова былтыр Францияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарғанын еске сала кетейік.
"Бүгінгі күн қарбаласқа толы болды. Біз осы чемпионатқа ұзақ уақыт дайындалдық. Әр оғымды алдыңғысынан жақсы, дәл атуға тырыстым. Бар тактикам осы болды. Жарысқа дейінгі жаттығулардың арқасында осы жүлдеге қол жеткіздім",-деді Зухра Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Жылжымалы нысана көздеу Олимпиада бағдарламасына кірмегенімен, Азия ойындары, әлем және құрлық чемпионаты сынды байрақты бәсекелердің қатарында қалды.
Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 3 жүлде бар. Бірнеше күн бұрын стенд атудың трап бағдарламасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов (микст) үздік үштікті түйіндеген. Бакудегі дода 1 қыркүйекте мәресіне жетеді.