Білім

Ғалымдардан шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2023
Жазылу
Қазақстандық ғалымдарға 500 стипендия беріледі
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылдау басталды. Науқан 13 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметі.
Республикалық комиссия гранттарды биыл желтоқсан айында бөледі. Нәтижесінде 500 қазақстандық ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.
Конкурсқа ұсынылатын тізімге кіретін шетелдік ұйымнан шақыру алған үміткерлер қатыса алады. Сондай-ақ ғылыми нәтижелері, мысалы, қазақстандық және халықаралық ғылыми басылымдарда және деректер базасында индекстелетін мақалалары болуы керек.
Кандидаттардың жалпы жұмыс өтілі таңдалған мамандандыру саласында кемінде 12 айды құрауға тиіс. Сондай-ақ, мемлекеттік тілден және шет тілінен IELTS емтихан тапсырғаны туралы сертификат талап етіледі. Мемлекеттік тіл бойынша нәтиже В1 деңгейінен кем болмауы шарт, ал шет тілінен кемінде 5.0. жинау қажет.
"Мемлекет тағылымдамадан өтушілерге тағылымдамадан өту, екі жаққа ұшу шығындарын, сондай-ақ медициналық сақтандыру мен ай сайынғы стипендияны төлейді. Стипендия мөлшері қала және белгілі бір елдегі өмір сүру деңгейіне байланысты өзгереді", - делінген хабарламада.
Ғалымдар әлемнің 34 елінде 400-ден астам жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу орталықтары мен ұйымдарында тағылымдамадан өте алады. Ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізімі 134 мамандықтан тұрады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70-үй "Сығанақ" бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинетте (қағаз жүзінде, сондай-ақ электронды тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасы) қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, президенттің әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін ғалымдарға 500 грант бөлу туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылы Халықаралық бағдарламалар орталығы "500 ғалым" ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын іске қосты.
Бағдарлама аясында 2025 жылға дейін қазақстандық зерттеушілерге университеттерде, зерттеу орталықтарында және басқа да ғылыми мекемелерде ұзақтығы 3 айдан 12 айға дейін ғылыми тағылымдамадан өту үшін жыл сайын 500 стипендия беріледі.
Олжас Сәкенов пен Алексей Бородавкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2023
Олжас Сәкенов "Болашақ" бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты
Жаңалықтар
0