https://sputnik.kz/20230828/bilim-ministrligi-oqushylardyn-zhuktemesin-azaytty-37999681.html
Білім министрлігі оқушылардың жүктемесін азайтты
Білім министрлігі оқушылардың жүктемесін азайтты
Sputnik Қазақстан
Барлық сынып үшін барлық пән бойынша оқу жоспары екі аптаға қысқарады 28.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-28T12:49+0500
2023-08-28T12:49+0500
2023-08-28T12:49+0500
оқу жылы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32553923_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_820c86d65220987051ea7c3ca1c425a2.jpg
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстанның білім министрлігі мектептердің 34 апталық оқу жылына қайта оралуына байланысты типтік оқу бағдарламаларына өзгерістер дайындады.Естеріңізге сала кетейік, 25 тамызда тамыз конференциясында вице-премьер Тамара Дүйсенова білім министрлігінің асығыс шешім қабылдағанын айтты. Ол 34 апталық оқу жылына оралып, оны 25 мамырда аяқтауды ұсынды.Барлық пән бойынша оқу сағаттарын қысқарту туралы бұйрықтың жобасы ашық НҚА сайтында жарияланған.Нәтижесінде бірінші сынып оқушыларына арналған оқу сағаттары 114-тен 102 сағатқа дейін азайды."1-4 сыныптар үшін еңбекке баулу бұрын бекітілген 35 сағаттың орнына жылына 33 сағат болады. 7-9 сынып оқушыларына арналған алгебра 108 сағаттың орнына 102 сағат, геометрия 72 сағаттың орнына 68 сағат, химия мен география да жылына 68 сағат болады. 5-9 сыныптар үшін информатика - 36 сағаттың орнына 34 сағат, Қазақстан тарихына 72 сағаттың орнына 68 сағат бөлінеді. 5-9 сыныптар үшін дене шынықтыруға 108 емес, 102 сағат беріледі", - делінген түсіндірме жазбада.36 апталық оқу жылына көшу қажетті қосымша дайындықты талап етеді, деп аталып өткен құжатта.2023-2024 оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін жалғасады.
https://sputnik.kz/20230825/oqushylar-qaytadan-25-mamyrga-deyin-oqidy-37932256.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32553923_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_582dd4c962f2b01ce148b37d2209ef8d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу жылы
Білім министрлігі оқушылардың жүктемесін азайтты
Барлық сынып үшін барлық пән бойынша оқу жоспары екі аптаға қысқарады
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстанның білім министрлігі мектептердің 34 апталық оқу жылына қайта оралуына байланысты типтік оқу бағдарламаларына өзгерістер дайындады.
Естеріңізге сала кетейік, 25 тамызда тамыз конференциясында вице-премьер Тамара Дүйсенова білім министрлігінің асығыс шешім қабылдағанын айтты. Ол 34 апталық оқу жылына оралып, оны 25 мамырда аяқтауды ұсынды.
Барлық пән бойынша оқу сағаттарын қысқарту туралы бұйрықтың жобасы ашық НҚА
сайтында жарияланған.
Нәтижесінде бірінші сынып оқушыларына арналған оқу сағаттары 114-тен 102 сағатқа дейін азайды.
"1-4 сыныптар үшін еңбекке баулу бұрын бекітілген 35 сағаттың орнына жылына 33 сағат болады. 7-9 сынып оқушыларына арналған алгебра 108 сағаттың орнына 102 сағат, геометрия 72 сағаттың орнына 68 сағат, химия мен география да жылына 68 сағат болады. 5-9 сыныптар үшін информатика - 36 сағаттың орнына 34 сағат, Қазақстан тарихына 72 сағаттың орнына 68 сағат бөлінеді. 5-9 сыныптар үшін дене шынықтыруға 108 емес, 102 сағат беріледі", - делінген түсіндірме жазбада.
36 апталық оқу жылына көшу қажетті қосымша дайындықты талап етеді, деп аталып өткен құжатта.
2023-2024 оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін жалғасады.