https://sputnik.kz/20230828/almatydagy-metro-qurylysy-kezinde-5-mlrd-tenge-urlangan--is-sotqa-zholdandy-37996597.html
Алматыдағы метро құрылысы кезінде 5 млрд теңге ұрланған – іс сотқа жолданды
Алматыдағы метро құрылысы кезінде 5 млрд теңге ұрланған – іс сотқа жолданды
Sputnik Қазақстан
Бас көлік прокуратурасы "Метрополитен" КМК-да 5 млрд теңге ұрлау фактісі бойынша тергеуді аяқтады 28.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-28T10:35+0500
2023-08-28T10:35+0500
2023-08-28T10:35+0500
алматы метрополитені
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/209/21/2092158_0:190:3648:2242_1920x0_80_0_0_c8191372b489e299018d95101446e73f.jpg
АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. "Метрополитен" КМК-ның бұрынғы басшылығы мен мердігер ұйымдар – "Алматыметроқұрылыс" АҚ және "Автоматтандыру және технологиялар Сервис" ЖШС-ның лауазымды адамдарына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.Күдіктілер жалған баға көрсетіп, жабдықты 10 есе қымбат бағамен смета жасаған. Кейіннен ұрланған қаражат жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған."Ұрланған қаражатты қайтару үшін үш қымбат пәтер, Алматыдағы бір кеңсе, Алматы облысындағы жер учаскесі, люкс автомашиналар, бренд сағаттары тәркіленіп, күдіктілердің басқа да бірқатар активіне бұғау салынды", - деп атап өтті ведомствода.Іс сотқа жіберілді.Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың шілдесінде "Алматыметрода" ұрлық және пара алу фактілері бойынша тергеу басталғаны туралы хабарланған болатын. Содан кейін аудиторлық тексеріс жалпы сомасы 120,9 млрд теңгеге заң бұзушылықтарды анықтады. Осы жылдың ақпан айында метрода қосымша жылжымалы құрам іске қосылатыны белгілі болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/209/21/2092158_203:0:3446:2432_1920x0_80_0_0_37443aa28aab1fb10e49b5c551cd3a6a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы метрополитені, сыбайлас жемқорлық
алматы метрополитені, сыбайлас жемқорлық
Алматыдағы метро құрылысы кезінде 5 млрд теңге ұрланған – іс сотқа жолданды
Бас көлік прокуратурасы "Метрополитен" КМК-да 5 млрд теңге ұрлау фактісі бойынша тергеуді аяқтады
АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. "Метрополитен" КМК-ның бұрынғы басшылығы мен мердігер ұйымдар – "Алматыметроқұрылыс" АҚ және "Автоматтандыру және технологиялар Сервис" ЖШС-ның лауазымды адамдарына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
"Тергеу мәліметі бойынша күдіктілер Алматы метрополитенінің жаңа желісін салу кезінде басқару функцияларын атқарған. Осы өкілеттікті пайдаланып, олар 5 млрд теңгені ұрлаған", - делінген хабарламада.
Күдіктілер жалған баға көрсетіп, жабдықты 10 есе қымбат бағамен смета жасаған. Кейіннен ұрланған қаражат жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.
"Ұрланған қаражатты қайтару үшін үш қымбат пәтер, Алматыдағы бір кеңсе, Алматы облысындағы жер учаскесі, люкс автомашиналар, бренд сағаттары тәркіленіп, күдіктілердің басқа да бірқатар активіне бұғау салынды", - деп атап өтті ведомствода.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың шілдесінде "Алматыметрода" ұрлық және пара алу фактілері бойынша тергеу басталғаны туралы хабарланған болатын. Содан кейін аудиторлық тексеріс жалпы сомасы 120,9 млрд теңгеге заң бұзушылықтарды анықтады. Осы жылдың ақпан айында метрода қосымша жылжымалы құрам іске қосылатыны белгілі болды.