Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнирде чемпион болды

© Photo : РixabayТеннис добы
Теннис добы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2023
Жазылу
Григорий Ломакин финалға дейін жеті матчта қатарынан жеңіске жетті
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстандық Григорий Ломакин Таиландта өткен ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Финалда Ломакин жергілікті теннисші Касидит Самреймен (әлемнің 680-ші ракеткасы) кездесті. Бірінші сет 7:6 есебімен аяқталды. Ал екіншісі сетте қазақстандық спортшы 4:6 есебімен ұтылды. Бірақ шешуші сетте жеңісті жұлып алды. Есеп – 6:3. Осылайша, 25 жастағы Григорий Ломакин ITF турнирінің чемпионы атанды.
Айта кетері, Ломакин Дүниежүзілік рейтингте 1057-орында тұр. Бұл жарыстың жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрайды. Қазақстандық теннисші финалға дейін жеті матчта қатарынан жеңіске жетті.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына өте алмады
Жаңалықтар
0