Қазақстан мен Ресейдің құтқарушылары өрт сөндіруден жарысты

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаСпасатели Казахстана и России провели совместные учения
Спасатели Казахстана и России провели совместные учения - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2023
Жазылу
Атыраудың Құрманғазы ауданында трансшекаралық өрттерді сөндіру бойынша Қазақстан-Ресей ауқымды оқу-жаттығулары өтті
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Ресейдіңқұтқарушылары трансшекаралық өрттерді сөндіру бойынша ауқымды оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысының Құрманғазы ауданында өткен бірлескен оқу-жаттығудың видеосы жарияланды.
Екі елдің құтқарушылары орман алқабына шартты түрде тараған отты сөндiру, ауыл тұрғындарын эвакуациялау мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жағынан өз дайындықтарын пысықтады.
Бірлескен оқу-жаттығуға Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан және Ресей Федерациясы төтенше жағдайлар министрлігінің Астрахан облысы бойынша бас басқармасынан барлығы 170 адам мен 25 бірлік техника қатысты. Барлық міндет жедел және үйлесімді орындалды.
Өрт сөндірушілер қорғаныс құралдарын шешпей, футбол да ойнап көрді. Жарыста қазақстандық команда бірінші орынға ие болды.
Жаңалықтар
0