https://sputnik.kz/20230827/qaragandy-oblysynda-birneshe-auyl-zharyqsyz-qaldy-37991215.html
Қарағанды облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды
Қарағанды облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды
Sputnik Қазақстан
Қарағанды облысы Шет ауданының бірнеше ауылы қосалқы станциядағы өрттің салдарынан жарықсыз қалды 27.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-27T18:54+0500
2023-08-27T18:54+0500
2023-08-27T18:54+0500
қарағанды облысы
жарық
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/07e4/08/18/14778602_0:296:3072:2024_1920x0_80_0_0_9d8eb83dd6146a5ea32662e77f023d9c.jpg
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары әлеуметтік желіде таңертең жарықтың өшіп қалғанын жазып жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті оған облыстағы қосалқы станциялардың бірінде болған өрт себеп болғанын хабарлады.Өрт салдарынан Қошқарбай ауылындағы электр қосалқы станциясы істен шыққаны анықталды, деп хабарлады ekaraganda.kz ресурсы.27 тамыз күні сағат 00.23-те Шет ауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі."Шет ауданындағы Қошқарбай ауылының Бұғылы көшесінде өрт шыққан. Ашық алаңда трансформатор майы мен трансформатордың жанғыш бөліктері 25 шаршы метр аумақта өртенді. Өрт сағат 02:48-де сөндірілді. Салдарынан тоғыз ауылда – Қошқарбай, Ақсу, Шопа, Қызылқой, Аққияқ, Талды, Берекетті, Жаңажұрт және Деріпсал ауылдарында электр қуаты сөніп қалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.Құтқарушылар төтенше жағдайдың салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. Таңертеңнен бері электр қуатын қосу бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/18/14778602_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_decb37b3fabd529d3255d5967006f1cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, жарық, электр энергиясы
қарағанды облысы, жарық, электр энергиясы
Қарағанды облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды
Қарағанды облысы Шет ауданының бірнеше ауылы қосалқы станциядағы өрттің салдарынан жарықсыз қалды
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары әлеуметтік желіде таңертең жарықтың өшіп қалғанын жазып жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті оған облыстағы қосалқы станциялардың бірінде болған өрт себеп болғанын хабарлады.
Өрт салдарынан Қошқарбай ауылындағы электр қосалқы станциясы істен шыққаны анықталды, деп хабарлады ekaraganda.kz ресурсы.
27 тамыз күні сағат 00.23-те Шет ауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"Шет ауданындағы Қошқарбай ауылының Бұғылы көшесінде өрт шыққан. Ашық алаңда трансформатор майы мен трансформатордың жанғыш бөліктері 25 шаршы метр аумақта өртенді. Өрт сағат 02:48-де сөндірілді. Салдарынан тоғыз ауылда – Қошқарбай, Ақсу, Шопа, Қызылқой, Аққияқ, Талды, Берекетті, Жаңажұрт және Деріпсал ауылдарында электр қуаты сөніп қалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылар төтенше жағдайдың салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. Таңертеңнен бері электр қуатын қосу бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.