https://sputnik.kz/20230827/almatyda-konstitutsiya-kuni-qalay-toylanady-37981203.html
Алматыда Конституция күні қалай тойланады
Алматыда Конституция күні қалай тойланады
Sputnik Қазақстан
Қонақтар мен қала тұрғындары үшін сахна экрандарында тақырыптық бейнелері бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады 27.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-27T12:10+0500
2023-08-27T12:10+0500
2023-08-27T12:10+0500
алматы
мереке
https://sputnik.kz/img/248/43/2484336_0:66:1286:789_1920x0_80_0_0_3c3f71efe4b901aee0bb0c5c2c314004.jpg
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Алматыда қаласында Конституция күніне арналған мерекелік шаралар 29 тамызда басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Сол күні кешкі сағат 19:00-де Абай алаңында үлкен концерт өтеді. Іс-шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Соның ішінде "Мұзарт" және "Жігіттер" тобы, Қайрат Нұртас, Мархаба Сәби, Калифорния, Yenlik, Ильхан Исханов, Жанар Дугалова, Hey Monro және тағы басқа танымал әншілер бар. Қонақтар мен қала тұрғындары үшін сахна экрандарында тақырыптық бейнелері бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады. Сондай-ақ 29 тамызда басқа аудандарда мерекелік шаралар өтеді. Ал Медеу ауданындағы Конституция күніне арналған мерекелік концерт 30 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында басталады. Мекенжайы: Гоголь көшесі, 1. Алмалы ауданы да негізгі концертті 30 тамызда сағат 17:00-де Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайы бойынша Mega Park СОО аумағында өткізеді. Сол күні Конституция күніне орай бірқатар спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылады.
https://sputnik.kz/20230824/30-tamyz--konstitutsiya-kuni-qazaqstandyqtar-demala-ma-37919636.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/248/43/2484336_74:0:1213:854_1920x0_80_0_0_a16705c37740c75e34ced18ed05e4d0b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, мереке
Алматыда Конституция күні қалай тойланады
Қонақтар мен қала тұрғындары үшін сахна экрандарында тақырыптық бейнелері бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Алматыда қаласында Конституция күніне арналған мерекелік шаралар 29 тамызда басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сол күні кешкі сағат 19:00-де Абай алаңында үлкен концерт өтеді. Іс-шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Соның ішінде "Мұзарт" және "Жігіттер" тобы, Қайрат Нұртас, Мархаба Сәби, Калифорния, Yenlik, Ильхан Исханов, Жанар Дугалова, Hey Monro және тағы басқа танымал әншілер бар.
Қонақтар мен қала тұрғындары үшін сахна экрандарында тақырыптық бейнелері бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады.
Сондай-ақ 29 тамызда басқа аудандарда мерекелік шаралар өтеді.
Әуезов ауданындағы салтанатты іс-шара (11:00, Family Park демалыс саябағы);
Наурызбай ауданында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Конституция күніне арналған концерт (11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығы (Шұғыла шағын ауданы, 347/4);
Алатау ауданында Конституция күніне арналған концерт (16:00-де, Атлетикалық ауыл аумағы);
Бостандық ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт (17:00-де, MEGA Alma-Ata СОО амфитеатры);
Түрксіб ауданында қазақстандық жұлдыздар мен көркем ансамбльдердің қатысуымен мерекелік бағдарлама (18:00-де Сейфуллин даңғылы, 13/1 бойынша 6 оқушылар үйінің аумағы);
Жетісу ауданында Конституция күніне орай салтанатты концерт (19:00-де "Гүлдер" саябағы, Серіков көшесі, 2а);
Ал Медеу ауданындағы Конституция күніне арналған мерекелік концерт 30 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында басталады. Мекенжайы: Гоголь көшесі, 1.
Алмалы ауданы да негізгі концертті 30 тамызда сағат 17:00-де Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайы бойынша Mega Park СОО аумағында өткізеді.
Сол күні Конституция күніне орай бірқатар спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылады.