Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстан тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралады

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіҚасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстан тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстан тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралады - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2023
Жазылу
Көрме-жәрмеңке Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтіп жатыр.
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.
Екі ел басшылары Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарының көрме-жәрмеңкесіне барды. Бұл шара Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтіп жатыр.
Мемлекеттер басшыларының назарына дәстүрлі тәжік киімдері, кілемдері, маталары, қыштан жасалған сәндік бұйымдары және музыкалық аспаптар ұсынылды. Сондай-ақ жәрмеңкеге жеміс-жидектер, көкөністер, қақталған жемістер мен кондитерлік өнімдер қойылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміздің экономикасы бірін-бірі толықтыратынын, сондықтан Тәжікстанның бүгінгі көрме-жәрмеңкесі Қазақстан үшін айтарлықтай қызығушылық туғызатынын атап өтті.
Шара аясында концерттік бағдарламалар, түрлі қолөнер және халық кәсіпшілігі бойынша шеберлік дәрістері ұйымдастырылды. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары тәжік халқының ұлттық тағамдарының дәмін татып көрді.
Айта кетейік, Тәжікстан мрезиденті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Қазақстанда жүр.
Осы сапар аясында президенттер шағын құрамда келіссөздер жүргізді.
Екі ел басшысы Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашып, Астанадағы Бас мешітке барды.
Токаев и Рахмон посетили главную мечеть Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2023
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астанадағы бас мешітке барды
Жаңалықтар
0