Өзгені құтқарып, өзі суға кетті – Ақмолада жасөспірім қайтыс болғаннан кейін марапатталды

© Photo : ДЧС Акмолинской области14-летнего мальчика посмертно наградили медалью в Акмолинской области
14-летнего мальчика посмертно наградили медалью в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2023
Жазылу
Медаль баланың туыстарына табысталды
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы Арықты ауылының тұрғыны Володя Кринберг өзге баланы құтқарып, өзі суға батып кеткен. 14 жаста болған жасөспірім қайтыс болғаннан кейін медальмен марапатталды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы жағдай 29 шілде күні Қорғалжын ауданындағы Сардыбай аулының жанында болған. Владимир Гринберг Нұра өзенінде отбасымен бірге демалып жатқан. Сол кезде 12 жасар баланың суға батып бара жатқанын байқап, бірден көмекке жүгірген. Ересектер де жетіп барған. Құтқарылған ұлдың әкесі баласын судан алып шықты. Бірақ Володя суға батып кетті.
© ДЧС Акмолинской областиВолодя Кринберг
Володя Кринберг - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2023

"Владимир Гринберг суға батып бара жатқан адамды құтқаруға асыққан. Өкінішке қарай, бала аталмыш жерде су құйыны болғандықтан өзі де суға бата бастаған, алайда оған ешкім көмектесе алмады", - дейді құтқарушылар.

Владимир Гринберг қайтыс болғаннан кейін төтенше жағдайда көрсетілген батылдық пен жанқиярлығы үшін "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды. Медаль баланың туыстарына табысталды.
Айта кетері, шомылу маусымы басталғаннан бері Ақмола облысының су айдындарында 13 адам суға батып кеткен, оның ішінде 5 бала бар.
Жаңалықтар
0