Елорда тынысы

Астанада қандай көшелер жабылды

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Астаны с высоты птичьего полета
Виды Астаны с высоты птичьего полета - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2023
Жазылу
Бірнеше көшеде жөндеу жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Бүгіннен бастап Астанада үш бірдей жерде көлік қозғалысы ішінара және толығымен жабылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірден бірнеше көшеде жөндеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты жөнделетін учаскелерде қозғалыс уақытша жабылды. Олар:
Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысы (26-27 тамыз аралығында көлік қозғалысы толығымен жабық);
Республика даңғылында Тәшенев көшесінен Иманов көшесіне дейінгі учаске (26-31 тамыз аралығында көлік қозғалысы ішінара жабық);
Түркістан көшесі Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралық (26-31 тамыз күндері көлік қозғалысы толығымен жабық);
Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.
Жаңалықтар
0