https://sputnik.kz/20230825/turizm-salasyndagy-kasipkerlerdin-shygynyn-oteu-ushin-480-mln-tenge-bolinedi-37934389.html
Туризм саласындағы кәсіпкерлердің шығынын өтеу үшін 480 млн теңге бөлінеді
Туризм саласындағы кәсіпкерлердің шығынын өтеу үшін 480 млн теңге бөлінеді
Sputnik Қазақстан
Туробъектілерді салу және реконструкциялау үшін кәсіпкерлік субъектісіне шығындарының 10%-і өтеледі 25.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-25T12:29+0500
2023-08-25T12:29+0500
2023-08-25T12:29+0500
туризм
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/17/15545846_0:156:3000:1844_1920x0_80_0_0_57231b19ae041c8633aa78fd4801f6f3.jpg
АЛМАТЫ, 25 тамыз – Sputnik. Туризм саласындағы кәсіпкерлердің шығындарын өтеу үшін 480 млн теңге болатын 29 өтінім мақұлданды, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігі.Қаражат туристік объектілер мен жол бойындағы сервис объектілерін салуға және реконструкциялауға, туристік автобустар мен тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың басынан бастап Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың 7 жаңа шарасы қолданысқа енген, олардың ішінде – белгілі бір шығындарды ішінара өтеу де бар.Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықты сатып алу шығындары тең көлемде өтеледі. Сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстау субсидияланады, ол үшін айына 83 000 теңге бөлінеді. Министрліктің айтуынша, туризмді дамытқысы келетін кәсіпкерлер саны артып келеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/17/15545846_167:0:2834:2000_1920x0_80_0_0_90c71289ed4c6a83d37744196aff53d0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм
Туризм саласындағы кәсіпкерлердің шығынын өтеу үшін 480 млн теңге бөлінеді
Туробъектілерді салу және реконструкциялау үшін кәсіпкерлік субъектісіне шығындарының 10%-і өтеледі
АЛМАТЫ, 25 тамыз – Sputnik. Туризм саласындағы кәсіпкерлердің шығындарын өтеу үшін 480 млн теңге болатын 29 өтінім мақұлданды, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігі.
Қаражат туристік объектілер мен жол бойындағы сервис объектілерін салуға және реконструкциялауға, туристік автобустар мен тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың басынан бастап Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың 7 жаңа шарасы қолданысқа енген, олардың ішінде – белгілі бір шығындарды ішінара өтеу де бар.
"Мәселен, туробъектілерді салу және реконструкциялау үшін кәсіпкерлік субъектісіне шығындарының 10%-і өтеледі. Дәл сондай қолдау кәсіпкерге жол бойындағы сервис объектілерін: қонақ үйлер, жанармай құю бекеттері, сауда және тамақтану пункттерді салу үшін көрсетіледі. 8 және одан да көп орындық автобустарды сатып алғаны үшін 25% көлемінде өтемақы көзделген", - дейді ведомство.
Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықты сатып алу шығындары тең көлемде өтеледі. Сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстау субсидияланады, ол үшін айына 83 000 теңге бөлінеді. Министрліктің айтуынша, туризмді дамытқысы келетін кәсіпкерлер саны артып келеді.