Тамыз кеңесі: Тамара Дүйсенова әкімдер мен министрлерге бірқатар тапсырма берді

Тамара Дүйсенова
Тамара Дүйсенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
облыс әкімдеріне Инфрақұрылымды дамытудың жол картасын әзірлеу. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін жеке бақылауға алуды;
оқу-ағарту министрлігіне кадр тапшылығын төмендету бойынша жұмыстар жүргізуды;
облыс әкімдеріне мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қаражат бөлу, мектептердің материалдық-техникалық базасы бойынша мәселені шешу, ұйым басшысы етіп тиісті біліктілігі, дағдысы бар, ұжыммен және балалармен жұмыс істей алатын, даярланған мамандарды тағайындауды;
министрлiкке тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, жүйені дайындау, аймақтарда тартылған сарапшыларды оқытып, аймақтарға бағалауды жүргізу кестесiн ұсынуды;
әкімдер мен облыстық білім басқармаларына – мектептерді дайындау, Ұлттық үйлестірушімен келісім жасап, бағалаудың жүргізілуін ұйымдастыруды тапсырды.
Айта кетері, вице-премьер оқу жылының ұзақтығына қатысты жаңалықты енгізу үшін жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізу қажет екенін атап өтті, сондықтан жаңа 2023-2024 оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

Последний звонок - 2022 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Білім
Оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқиды
Жаңалықтар
0